(Жігіт сөзі)
Қымбатсыз, қырсық, мейлі шатынағын,
Есім ауған, сыртымнан бақылағын!
Өле сүйген өр мінез, өкпешілім,
Ай менің түк білмейтін, ақымағым...
Көтермеңіз, жалғанның тым ауырын,
Алынбаған жүрегі шың-аруым...
Ессіз етіп, бұртиған еркешілім,
Құдай берген нәп-нәзік жылауығым...
Баққа мәңгі малуға тиістімін,
Өртейді жүрегімді жиі ұшқының...
Тәңірден тілеп алған менің сұлу,
Алақанда-ақ өлмейтін пейіш гүлім...
Мақпал Төребек