Пейнтболдан жарыс өтті

Пейнтболдан жарыс  өтті
жеке
блог

"Батыр майданда, болат қайнауда шынығады" деген халық даналығы. Дәл осы, нақыл сөзді алға ұран ғып ұстанған, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Нұр» филиалы «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен ерекше іс – шара өтті. Нақтырақ айтсақ, белсенді жастардың мұрындық болуымен, Астана қаласындағы «Маклаунд» клубында пейнтбол бойынша турнир өтті. Оған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен 13 факультеттің намысын қорғаған білімгерлер қатысты. Ойынның шарты бойынша әр команда құрамында , 5 адам сайысқа шықты. Сайыс барысы өте қызықты өрбіді. Алғаш болып ұрыс алаңына заң факультетінің білімгерлері мен физика – техника факультетінің білімгерлері қызықты ойын көрсетті. 10 минутқа созылған басекеде заң факультетінің жастары мықтылық танытты. Осылай ақ пен қызылдың арасында басталған ойын кеш бата аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша өзгеолерден оқ бойы озып тұрған, кездескен қарсыластың сағын сындыра білген ақпараттық технологиялар факультетінің командасы бас жүлдені қанжығаласа, оларға ақтық бәсекеде лайықты қарсылық көрсете білген , дегенмен жеңіске сынық – сүйем жетпей қалған сәулет құрылыс факультетінің жігіттері жүлделі екінші орынды иеленді. Қола медаль болса, халықаралық қатынастар факультетінің қанжығасын байланды. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге , үздік ойын көрсеткен ойыншыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ойын соңында командаларды «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Мұхамеджан Болысбек марапаттады. Көрсеткен ойындары үшін алғыс білдіріп, осындай іс – шаралар алда жалғасын табатынын атап айтты.

Көрнекі сурет mygazeta.com сайтынан алынды.