Періштем менің

Періштем менің
жеке
блог

***...«оттамашының» «оттамасына» «оңтайласамын» деп, отырған жерімде орға құладым. Тағы да «оттамашы» деді. «Өзің оттама (!)» деп, «оттамашыны» «оттатып» жібергім келген еді. Кенет, оның «оттауының» да мәні бар-ау деп ойлап қалдым. Мәнсіз жазылды. Бірақ айтпағым осы. Басқаша жеткізе алмаймын.

Н.ғ.: ...қызық... осы «үміт» деген сөзді басқа мағынада пайдаланса, оның орнына қандай сөз пайдаланылар еді?

***...жарықтың қараңғылығын, қараңғының әлсіз нұрын көре білген көзге тәуба (!), ненің кінәратсіз, ненің "тікенді" екенін сезе білген түйсікке тәуба(!), керегін алып, керек емесін танып, нұрлысын бойға сіңірген ақылға тәуба (!), сүйдіре білген, сезімнің шындығында ғажап екенін, мынау қарбалас өмірде де сүйе білуге, ұнатуға, һәм сағынуға да болатындығын, сүю керек екендігін сездіре білген жүрекке тәуба!!! Иә, Раббым, адам болғаныма тәуба! Иман бергеніңе тәуба! Қазақ болғаныма тәуба! ... адам болғаныма тәуба...

Н.ғ.: ...сағынуды сағынбауға да болады екен...

*** Келші..., Жылаңқым! Кел, бермен!  Білесің бе, мен саған мына қос жанарымды сыйға тартқым келеді! Сөйтіп, жанарыммен өзің көрмеген, көре алмай жүрген дүниені көрсетіп, күллі жаратылыстың мұғжизасына ғашық қылайын сені! Сен көрмейтін, көрмеген қасіретті, қатыгездікті, мейірімділікті, ғажайыпты көрсетейін... (неге менің жанарым жасқа толып, күліп тұратынымды ұғарсың сонда)! Әлде, мен саған қос қолымды, аяғымды сыйға тартсам ба екен?! Аяқтарым сені кереметтей жерлерге алып барады! Қолдарым қандай адамдармен амандасатынын көресің! Жер бетінде нешеме түрлі жақсы жандар бар екенін білесің... (менің неге жаяу жүргенді ұнататынымды ұғарсың сонда)! Жо-жоқ! Одан да мен саған жүрегімді сыйға тартайыншы?! Сені мына менің қуыс кеудемді керіп, жүректі алып-ұшқан сезіміммен қауыштырайын! Мына дүниенің, Абай атам айтпақшы, "махаббатсыз бос екендігін" ұқтырайын! Күллі әлемге, тіршілік иесінің барлығына деген мейіріміңді оятайын! Күлдіріп тұрып, жылатайын! Түптеп келгенде, сынақ өмірдің қысқа екенін түйсігіңе жеткізіп, өмір сүруге деген құлшынысыңды арттырайын... (менің неге әр күнді соңғы күнімдей көретінімді ұғарсың сонда)! Тек... тек бар болғаны бір қадам атташы...

Н.ғ.: ...мені қашан "әкетайым" деп сүйіктімнің құшағында отырған "періште" "анашым" дер екен... періште күлкісімен... қуана... періштем менің...