Періштелер қайда жүр?!

 

Періштелер қайда жүр?!
Періштелер көкте дейді шын шығар,
Жерде жаным жамандықтан тұншығар.
Дағдарысқа түсіп жатыр төңірек,
Тірлігіне өтеп жатқан құн шығар.
Саудаладық заттың бәрін тауыстық,
Енді тәнге, содан жанға ауыстық.
Пенделікпен сайран салып, ойран сап,
Жиренішті әдеттермен қауыштық.
Ақша шешті, шешіп жатыр барлығын,
Ұры да бар, жемқорлар да бар бүгін.
Жоқ тек қана періштелер, күдік көп,
Қорқынышты ертеңнен де арғы күн.
Ашынамын, жырға қосып несін мен,
Адасып-ақ кетем бір күн есімнен.
Періштелер, құтқарыңдар өздерің,
Перзенттерін жердің жайсыз көсілген.
Азғындаған адамзатты аршып ал,
Олардың да жүректері бар шығар.
Титтей ғана толғандырып көріңдер,
Теңіздерді құрайды ғой тамшылар.

 



Бөлісу: