Періште қыз

Періште қыз
жеке
блог

 

Періште қыз!

Сәлем саған?!

Өзгелердей бүлінбей,

Иықтана керілмей,

Сүрген еді атаң қазақ!

Уақыт құртып, сөз жемей,

Мың айналмай төте қағам!

Күлкің сенің сыңғырлаған,

Жіберді оятып, жарықтық,

Сезімді жыбырлаған.

Бұзылып күн мен түн теңдігі,

Кетпейді-ау, саябырлап ендігі,

Көз алдымнан мәңгіге,

Сәби бейне ақ жүзің,

Сөзің сенің бал-жүзім.

Қайтып келді-ау,

Өзіңмен бірге жас күнім!

Сөз саптап өлең құрадым,

Біткендей-ақ құралым.

Ақырында сөзді саған бұрадым,

Құртпай-ақ өлең құнарын,

Жауап берсең ерінбей,

Көрініп ең көзіме,

Отана болар келіндей.

Тектіге текті жолығар,

Деген сенімім,

Күтуде сені ерінбей...

Арыстан ТӨРЕХАН

28.01.2018

14:15