Періште жан

Сол бейне көз алдында қалды мәңгі

Алғаш көрген жиен қыз тоғыздағы.

Түркиядан білім алып, елге оралған,

Енді аулаға ерен тұлға ағалары.

 

Қуаныштан күлім қаққан жүздерінен,

Байқалып тұр туыстарын сағынғаны.

Халін біліп, әрқайсының жеке-жеке,

Шетте тұрған жиен қызға жақындады.

 

«Мынау біздің ыржақай Назым ба?» - деп,

Бетін, мұрнын қоса шымшып, қалжыңдады.

Ақ жейде мен ақ шалбары үйлесімді

Тұрғандай «Періште адам» алдындағы.

 

Сол бейне мәңгілікке өшпестей боп,

Жиен қыздың ойынан орын алды.

Айтқан сөзін бұлжытпай миға сақтап,

Үлгі тұтар ағасымен мақтана алды.

 

Бағыт берді, бағдар берді барша жанға,

Қиналғанға көмек қолын аямады.

Әке-шеше, дос-жаран мен бауырларын

Құрметпенен алақанда аялады.

 

Жүрген жері жаз еді, жайма-шуақ,

Сабыр менен кішіпейіл жолдастары.

Жарқыраған жаздың жайсаң бір күнінде

Суық хабар селк еткізді барша жанды.

 

Сенбеді, сұрақ кетті миды торлап,

Үнсіздік қой бар сұрақтың жауаптары.

«Мен білетін ағатайым бізді тастап

Кетпес еді. Неге алдайды? Жалған бәрі!

 

Үмітпен алға ұмтылды, сенімді боп,

Шығарын ағасының алдан әлі.

Көргенде бауырларын жоқтап тұрған,

Сағы сынды. Неге олай??? Жалған бәрі!

 

Бүгінде сағыныштан сол жиен қыз

Алтындай ағасына жыр арнады.

Жатқан жерің жайлы болсын, ағатайым!

Мен үшін «Періште адам» ғаламдағы!!!



Бөлісу: