Адами қағидаларына жат педофилдік жай бүгін де сыналап санамызға да, қоғамымызға да еніп бара жатыр. Сұмдығы сол, мұндай тексіздіктің тамырына балта шабуға қауқарсыздық танытып отырмыз.
Сол педофилдерге казакстанда не бари 8 жыл ғана беріпті алдында бір қылмыскерге деп,бұл кезенде АҚШ-та өмір бойы бас бостандығынан айырылады екен.ал енді турмеге тускен педофилге шет жақта темір тордың артында тіршілік жоқ көрінеді,өздері ақ быт-шытын шығарады екен.Ал біздің суйікті қазақстанымыз 2 айел алу дегендерди қызу талқылап жүріп осы маселер шеттен қалып бара жатқан секілді ма тусинбедім((((
Тіпті педофилдердің басым бөлігі ұстатпай кетіп жатса, ұсталғандарына қолданылар жаза қорланған сәбидің ар-ұятымен салыстырғанда тым жеңіл.
5 маусым күні Қарағанды облысына қарасты Жайрем ауылында сегіз жасар қызды ұрып-соғып, зорлап, зорлағанымен қоймай, ауыл сыртындағы ескі үйлердің біріне апарып асып кеткен 34 жасар қылмыскер жақында қолға түсті.
Ол жауап беру кезінде сегіз жасар қыз жылап, өзіне қарсылық көрсеткеннен кейін ұрып-соққанын, сосын зорлап болған соң, қызды өз колготкиімен асып қойғанын шімірікпестен айтып берген. Бүгінде қылмыскерге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Алайда аталмыш ауыл тұрғындары педофилді жазалауды халықтың өз қолына беруін өтінуде...
Рухани қала саналатын Түркістан қаласында да жыл басынан бері балаларды зорлаудың үш оқиғасы кездескен. Оның екеуінде қылмыскер табылмай, іс "жабулы қазан жабулы" күйінде қалған. Тек соңғы тіркелген төрт жасар қызды зорлаған 37 жастағы қылмыскер ғана ұсталған.
Алайда түні бойы зорланған, үсті-басының сау тамтығы қалмаған, бүгінде ер адам көрсе, шырылдап жылай беретін, психологиялық тұрғыдан ауыр соққы алған, құр сүлдесі зират маңындағы қоқыста ит жалап тұрған жерінен табылған төрт жасар сәбидің құқы, қылмыскерді қанша жылға бас бостандығынан айырса да, орнына келмесі анық.