Педагогтің эмоционалдық жануы және психологиялық саулығы

21 ғасыр – адамзат дамуының деңгейінен хабар бере алатын көрсеткіш уақыт кезеңі деуге болады. Қазіргі технологиялық жетістіктер адамарға жаңа мүмкіндіктер сыйлап отыр. Дегенмен, пайда болған мүмкіндіктер артынан жауапкершілікті де жүктейді. 20 ғ.-дан бері зерттелініп келе жатқан құбылыс – адамдардың эмоционалдық тұрғысынан сарқылу құбылысы қазір өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл құбылысты ғылымда эмоционалды жану не сарқылу синдромы деп атайды. Эмоционалды жану – кез-келген адамға тән актуалды және қауіпті феномен, 21- ғ. ұсынған жаңа талаптарға адамның ағзасы мен психикасы жауап беретін форма десем болады. Неліктен қауіпті?

Адамның денсаулығы қазір ең құнды материал болса, сол денсаулық – рухани және тән саулығынан құралады. Ал, эмоцияның құрдымға кетуі, адамның ішкі әлемін мазасыздандырып, одан кейін оның ағза жағдайына да кері әсерін береді. Ендеше, эмоционалды жану – бұл  адамды, оның ішкі әлемін, жан-күйін, физиологиялық және әлеуметтік белсенділігіне нұқсан келтіруі мүмкін синдром екені тағы да бір мәрте дәлелденеді. Ұрпақ тәрбиесі өте жауапты процесс. Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, сапалы  мамандар арқылы алынған сапалы білім – білім алушының болашақтағы преспективасын анықтайтын басты факторларының бірі болып саналады. Олай болса, педагогтің сапасы – тек қана оның білімі ғана емес, оның рухани, эмоционалды әлемі екені сөзсіз. Өйткені, оның рухани болмысы, оның профессионалдық, қоғамдық статусын бағыттайды. Осыған сәйкес, өсіп жатқан талаптар мен күн сайынғы прогресс мұғалімдерге де жауапкершілікті көбейтеді. Әлемдік білім беруші апараттар мұғалімнің эмоционалды жануы мен онымен күресі жайлы мәселелерге назар аудару қажеттігін көрсетіп отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, ҚР-да беріліп отырған педагог саласындағы гранттар жеткішлікті болса да, білім мекемелерінде әлі де сапалы мамандар тапшылық. Немесе зерттеулерге сүйенсек, орта білім беретін мекемелерде педагогтердің  басым көпшілігі 40-60 жас аралығындағы әйел адамдар. Бұл көрсеткіш білім берудегі мәселелерді басқа қырынан ашады. Яғни, білім беру құрылымында педагогтер саны жеткіліксіз және жас мамандар саны жұмсалып отырған ресурсқа қарамастан , әлі де төмен көрсеткішті көрсетіп отырған. Оның себебі ретінде, қолайсыз психологиялық орта – басты детерменант болп есептелінеді. Яғни, эмоционалды жағдайдың қолайлы болмауы, эмоционалды сарқылу осындай проблемаларды туындатуда. 2005 ж. Европалық конференцияда ДДС ұйымы бұл синдромнан зардап шегетіндердің алдыңғы қатарында педагогтердің тұрғандығын атап өтті [1]. Сондықтан, ғылым бұл мәселеге акцент қойып, эмоционалды жануды – күрделі синдром ретінде мойындады.

Эмоционалды жану синдромының себебі – психологиялық негізде жатыр, бұл адамның ішкі ресурстары таусылып, тепе-теңдік күйі бұзылып, мақсат-мүдделері құрдымға ұшыраумен сипатталады. В.В.Бойко  бойынша эмоционалды жануды психотравмалық әсерге пайда болған тұлғаның психологиялық механизмінің жұмысы ретінде көрсетеді[2, 120б.]. Эмоционалды жану- динамикалық процесс, этаптар бойынша дамып, үш фаза арқылы көрінетін процесс, олар: жүйкелік қысым, резистенция, сарқылу.

Соңғы жылдары, мысалы, қазіргі пандемия кезеңін алсақ та болады, білім беру саласындағы қызметкерлер үнемі өзгеріп, жаңарып отыратын заңдылықтарға тап болды. Қазір, әрбір әлемнің үшінші тұрғысынан стресске душар болу қаупінде. Ендеше, эмоционалды жану да педагогтердің жеке және профессионалдық сфераларына әсер етуші, мысалы, психологиялық тарапта: депрессиялық көңіл-күй, агресивтілік, ұйқысыздық, бас ауру, психосоматикалық бұзылыстар; мінез-құлықтық сферада: зиянды әдеттерге әуестілік, қарым-қатынастардағы конфликтілер; интеллектуалдық белгілер ретінде: зейін,ес процесстерінің әлсіреуімен сипатталады. Яғни, эмоционалды жану тұлға денсаулығына қатты әсер етеді.

В.В.Бойконың келтірген статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, мектептегі 7300 зерттелінген педагогтердің    29 пайызы жүрек-қантамырлар ауруларына, 57 пайызы асқазан-ішек бұзылыстарына шалдыққан. [2, 154б.]Сонымен , бұл мәселені зерттеу арқылы қазіргі педагогтердің эмоционалды жай күйімен жұмыс жасауымыз қажет. Және педагогтердің эмоционалды сферасын басқарып, реттеуге деген қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Эмоционалды жануды тудыратын сыртқы әсерлер: ұйымдастыру, реформалар, ұжымдық қарым-қатынастар – барлығы , эмоционалды жанумен күресуде ескерілуі тиіс салалар.

Эмоционалды жану – жоюға келмейтін құбылыс, алайда онымен жұмыс істеуге болатынын білуіміз абзал. Ол үшін психологиялық саулықты сақтауға деген тұлғаның қабілеттілігі қажет. Мысалы, жоғарғы оқу орындарындағы  жас педагогтар қызметтік ортаға түскенде , қалыптасқан орта мен талаптарға дайынсыздығынан бірден деструкцияға ұшырап, мотивациялық сферасы зардап шегеді. Сол үшін,  жас маман оқу орнының қабырғасында-ақ бұл скиллдерді меңгергені талап етіледі. Н.В.Мальцеваның айтуынша, жас мұғалім бейімделу процессінде бастапқы кезеңнен бастап, барлық этаптарда пихологиялық қолдаумен қамтамасыз етілуі тиіс[3, 242б.].

Осы тақырып аясындағы зерттеу жұмысым бойынша, аталған синдромының әр түрлі жас топтарындағы педагогтерде көрінуін зерттеп, профилактикалық шаралар : тренинг, практикалық жаттығулар ретінде бағдарламаны жасақтап,оны практикалық қолданысқа енгізу негізгі мақсат болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі сөзсіз, тиісті назар аударып, оны тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыру қазіргі уақыттың негізгі міндеті. Себебі, бір адамның саулығы – қоғамның саулығы, педагог саулығы – ұрпақ саулығы



Бөлісу: