Печеньені шаймен жеудің адам денсаулығына зияны көп. АҚШ ғалымдарының айтуынша, печеньені әзірлеу үшін қолданатын жұмыртқада көп жағдайда “сальмонеллез” ауруын қоздырушы - сальмонелла болады. Америкалық Аурудың алдын алу және бақылау Орталығының қызметкерлері: «печеньенің құрамында тек ұнның ғана адамның денсаулығына зияны жоқ» дейді.
Сонымен қатар, печеньені көп мөлшерде жеу, құрамындағы көмірсулар мен қанттар – артық салмақтыққа әкеледі. Печенье құмарларға мамандардың тағы бір айтары: кейін сізге тіпті физикалық күш пен жаттығулар да артық салмақтан арылтуға көмегін тигізері шамалы. Спортзалда уақыт өткізіп, тек бұлшық еттеріңізді күшейтесіз. Сондықтан артық жеуді дереу қойғаныңыз абзал.