Печенье "Брауни"
жеке
блог
блог
Қалайсыздар құрметті массагеттіктер!
Бүгін сіздермен ерекше "Брауни" печеньесінің рецептісімен бөлісемін.
Ендеше бастаймыз.
Құрамы:
Ұн 160 гр
Қант ұнтағы 200+30 гр
Какао 60 гр
Шымшым тұз
Жұмыртқа 2 дана
Сары май 60 гр
Разрыхлитель 8 гр
Ванилин
Дайындалу жолы:
Ең алдымен ыдысқа ұн, қант ұнтағын, какао, тұз, разрыхлитель, ванилин ді салып араластырамыз. Содан кейін оған сары майды қосып, артынша жұмыртқаны салып, біркелкі илейміз. Дайын болған қамырды тоңазытқышқа 1 сағатқа салып қоямыз.
1 сағат өткеннен соң қамырды алып, одан кішкене үзігін бөліп алып, қалған қант ұнтағына батырып аламыз.
Осылайша бір-бірлеп печеньені бір формаға келтіріп, 180 градуста 20-25 минут пісіреміз.
Міне дәмді брауни печеньелері дайын болды!
Астарыңыз дәмді болсын!