570 — Мұхаммедтің Меккеде туылуы. Мұхаммедтің туылуына дейін оның әкесі
Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб өледі және Мұхаммедті сүт анасы Халима бинт Әбу Зуайбке береді. 4 жыл ішінде Мұхаммед көшпелі бәдәуи тайпасы
Бану Садтармен өмір сүреді.
575 — сүт анасы Халиманың Меккеге келуі және Мұхаммедтің анасы Әминаға берілуі.
583 — Әбу Тәлібпен Сирияға саяхат.
585 — «
Күпіршілік соғысқа» қатысуы, онда Мұхаммед пайғамбар «өз ағаларын қорғап, жебелерді қалқанмен қайтарды».
595 — Мұхаммед пайғамбардың Хадишаның сауда керуенімен Бусра қаласына сапары; Хадишаға үйленуі.
575 — «Мейірбандар одағына» қатысуы, оның мәні қрғансыздарды қорғау мен Меккедегі шетелдіктердің қауіпсіздіген сақтау болған.
610 — алғашқы аяттардың түсуі;
Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясының басталуы.
613 — Мұхаммедтің көпшілікке уағыз жасай бастауы
615 — Мұхаммед серіктестерінің жартысының қудалаудан
Эфиопияға қоныс аударуы (өзі ағасы Әбу Тәлібтің қорғауында қалады).
610 — Бану Хашим руының Мүхаммедке қарсы бойкот жасауы.
619 — Әбу Тәліб пен Хадишаның өлімі;
Ат-Таиф қаласына қоныс аударуға талпыныс жасауы; Бану Хашим руының Мүхаммедке қарсы бойкот жасауының аяқталуы.
620 — Мұхаммедтің Медине тұрғындарның бір тобымен аралық соттың ерекше рөлі бойынша жасырын келісімі.
621 —
Исра және Миғраж; бірінші
Акаба анты.
622 —
хижра, Мединеге қоныс аудару.
Толық мақаласы: Мұхаммед Мединеде
623 — меккелік көпқұдайшылдарға қарсы соғыстың басталуы
624 —
Бәдір шайқасы; Айшаға үйленуі.
625 — Хафса мен Зейнеп бинт Хузәймәға үйленуі; Ухуд тауы жанындағы шайқас.
626 — Умму Сәләмәға үйленуі;
Ухуд шайқасы.
627 — Жувайрия бинт Харис пен Зейнеп бинт Жахшке үйленуі.
628 — Сафийа бинт Хуяй, Умму Хабиба және Мәймунә бинт Хариске үйленуі;
Байа Ридуан және
Худайбия келісімі; Зейнеп бинт Харистің Мұхаммед пайғамбарды уландыруға талпыныс жасауы.
629 — мұсылмандар мен Мұхаммедтің Мекке ғибадатханасы Қағбаға бейбіт түрде қажылық жасауы; құрайшиттердің Худайбия келісімін бұзуы.
630 —
Меккенің жаулап алынуы; Бани Укайл, Бани Калб, Бани Килаб, Бани Тужиб, Бани Ғатафан, Бани Ханзала бин Малик, Бани Кудаға, Бали және Бани Бахра тобының Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.
631 — Бани Азд, Абна, Бани Тай, Бани Әмір бин Сасаға, Бани Кинда, Бани Тужиб, Бани Рахауийин, Бани Ғафиқ, Бани Маһра, Бани Ханифа, Бани Анс, Бани Мурад, Бани Әбд әл-кайс, Бани Хиләл, Бани Руха және Бани Зубайда тобының Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.
632 — Меккеге соңғы қажылық; Бани Мухариб пен Бани Наханың Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.; 8 маусым — Мұхаммед пайғамбардың өлімі мен жерленуі.