Пайғамбар Мұхаммед с.а.у

Пайғамбар Мұхаммед с.а.у
жеке
блог
  • 570 — Мұхаммедтің Меккеде туылуы. Мұхаммедтің туылуына дейін оның әкесі Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб өледі және Мұхаммедті сүт анасы Халима бинт Әбу Зуайбке береді. 4 жыл ішінде Мұхаммед көшпелі бәдәуи тайпасы Бану Садтармен өмір сүреді.
  • 575 — сүт анасы Халиманың Меккеге келуі және Мұхаммедтің анасы Әминаға берілуі.
  • 583 — Әбу Тәлібпен Сирияға саяхат.
  • 585 — «Күпіршілік соғысқа» қатысуы, онда Мұхаммед пайғамбар «өз ағаларын қорғап, жебелерді қалқанмен қайтарды».
  • 595 — Мұхаммед пайғамбардың Хадишаның сауда керуенімен Бусра қаласына сапары; Хадишаға үйленуі.
  • 575 — «Мейірбандар одағына» қатысуы, оның мәні қрғансыздарды қорғау мен Меккедегі шетелдіктердің қауіпсіздіген сақтау болған.
  • 610 — алғашқы аяттардың түсуі; Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясының басталуы.
  • 613 — Мұхаммедтің көпшілікке уағыз жасай бастауы
  • 615 — Мұхаммед серіктестерінің жартысының қудалаудан Эфиопияға қоныс аударуы (өзі ағасы Әбу Тәлібтің қорғауында қалады).
  • 610 — Бану Хашим руының Мүхаммедке қарсы бойкот жасауы.
  • 619 — Әбу Тәліб пен Хадишаның өлімі; Ат-Таиф қаласына қоныс аударуға талпыныс жасауы; Бану Хашим руының Мүхаммедке қарсы бойкот жасауының аяқталуы.
  • 620 — Мұхаммедтің Медине тұрғындарның бір тобымен аралық соттың ерекше рөлі бойынша жасырын келісімі.
  • 621 — Исра және Миғраж; бірінші Акаба анты.
  • 622 — хижра, Мединеге қоныс аудару.
Толық мақаласы: Мұхаммед Мединеде
  • 623 — меккелік көпқұдайшылдарға қарсы соғыстың басталуы
  • 624 — Бәдір шайқасы; Айшаға үйленуі.
  • 625 — Хафса мен Зейнеп бинт Хузәймәға үйленуі; Ухуд тауы жанындағы шайқас.
  • 626 — Умму Сәләмәға үйленуі; Ухуд шайқасы.
  • 627 — Жувайрия бинт Харис пен Зейнеп бинт Жахшке үйленуі.
  • 628 — Сафийа бинт Хуяй, Умму Хабиба және Мәймунә бинт Хариске үйленуі; Байа Ридуан және Худайбия келісімі; Зейнеп бинт Харистің Мұхаммед пайғамбарды уландыруға талпыныс жасауы.
  • 629 — мұсылмандар мен Мұхаммедтің Мекке ғибадатханасы Қағбаға бейбіт түрде қажылық жасауы; құрайшиттердің Худайбия келісімін бұзуы.
  • 630 — Меккенің жаулап алынуы; Бани Укайл, Бани Калб, Бани Килаб, Бани Тужиб, Бани Ғатафан, Бани Ханзала бин Малик, Бани Кудаға, Бали және Бани Бахра тобының Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.
  • 631 — Бани Азд, Абна, Бани Тай, Бани Әмір бин Сасаға, Бани Кинда, Бани Тужиб, Бани Рахауийин, Бани Ғафиқ, Бани Маһра, Бани Ханифа, Бани Анс, Бани Мурад, Бани Әбд әл-кайс, Бани Хиләл, Бани Руха және Бани Зубайда тобының Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.
  • 632 — Меккеге соңғы қажылық; Бани Мухариб пен Бани Наханың Мединеге келіп, олардың исламды қабылдауы.; 8 маусым — Мұхаммед пайғамбардың өлімі мен жерленуі.