* * *
Асқазанында жара бар адамдар күнде таңертең бір қасық сары май мен бал жә не екі шикі жұмыртқа жұтып тұрғаны өте пайдалы. Бұл тәсіл асқазан жарасының тез жазылуына көмектеседі.
* * *
Мұрыннан қан аққанда, қан түкіргенде, қан құсқанда, сорғалап аққан қанды тыю үшін, агромания (түймешік кәрі қыз) дәрі шөбін қайнатып, он-он бес грамнан ішеді.
* * *
Көкбұта (вереск обыкновенный) өсімдігінің жас бұтағын кептіріп, шай сияқты дайындап ішсе басы ауырған, басы айналған адамдарға аса пайдалы.
* * *
Адамның тамағы ісіп, дауысы қырылдап қалғанда кәдімгі құмды аллюмин табаға қыздырып, қалыңдау сүрткішке орап, кеңірдекке басу керек. Бұл тәсілді күніне жеті-сегіз рет қайталап отыратын болса тамақ ауырғаны тез басылады.
* * *
Адамның жүйкесі қатты күйзеліске ұшырағанда тырнағынан алақанына дейін мұздай суға салып отырса, жүйкені басады.
* * *
Тырнақ сынып, бетінде қыртыс қалатын болса, оған бал мен пиязды араластырып жағады.
* * *
Абайсызда бір жерін күйдіріп алғанда картоп немесе бал таңып қойған дұрыс.
* * *
Асқабақты бұқтырып жеу ағзаны шлактардан тазартады.
* * *
Операциядан жаңа шыққан адамның тігісі ажырап кетсе, сирень гүлінің жапырағын үш минут қайнаған суға салып, тігілген жерге таңып, үстін жұмсақ қағазбен орап қойса жақсы болады.
* * *
Артрит пен буын ауруларына шалдыққан адам көк шәй ішкені жөн. Ол ағзадағы тұздарды айдайды.
* * *
Аяқ жиі қақсап ауыратын жағдайда күнделікті жатар алдында күйдірілмеген пістемайды ауырған жерлерге жағып, жылы шүберекпен орап жатқан жақсы.
* * *
Көздің көруі нашарлай бастағанда бір пиязды үккіштен өткізіп, дәл сол көлемдегі балмен араластырып, күніне 2-3 реттен ішу керек.
* * *
Қан қысымы қатты көтерілгенде мақтадан тоқылған сүлгіні мұздай суға малып, іштің төменгі жағына басқан пайдалы.