Біздің әр күніміз бен,уақытымыз әне міне дегенше,зулап өте береді.Ал сол өтіп жатқан күніміз бен,уақытымызды қалай пайдалы әрекеттер мен өткізуімізге болады?Иә,дәл қазіргі әңгімеміз де өмірімізге пайдасын тигізетін әрекеттер жайлы болмақ.Олай болса,менің сіздерге арнап дайындаған пайдалы әрекеттер топтамасын қабыл алыңыздар.
1)Күнделікті жаяу жүріс.Иә,күнделікті жаяу жүріс шынымен де,адам денсаулығына пайдасын тигізеді.Күнделікті жүріс сіздің,қан айналымыңызды
жақсартып,денеңізді,аяғыңызды,бұлшық-етіңізді шынықтырады.Әсіресе,бұл әрекет компьютер алдында немесе,табжылмай жұмыс жасайтын адамдарға өте пайдалы.Сол үшін күнделікті жүрісті әдетке айналдырыңыз.
2)Күнделікті су ішу.Бұл әрекетті осы уақытқа дейін,дәрігерлер де айтып келеді.Күнделікті кем дегенде,екі стақан су ішіп тұрар болсаңыз,сырт келбетіңізде де,ішкі құрылысыңызда да,өзгерістер пайда бола бастайды.Себебі,су бетіңізді тазартып,тегістер болса ішкі құрылысыңыздан асқазан жолдарына пайдалы болып келеді.
3)Аптасына бір рет кітап оқу.Неге аптасына бір рет деп айттым?себебі сіз кітап оқымай жүрген адам болсаңыз,кітапты күн сайын оқу өзіңізге қиын болып,әрі миыңызға ауырлық түсіріп өзіңізді кітапқа жалықтырып алуыңыз мүмкін.Сол себепті алдымен апта сайын оқып өзіңізді кітапқа үйретіп алғаныңыз дұрыс болады.Кітап сіздің ой санаңызды кеңінен жетілдіріп,біліміңізді арттырып,өмірге деген көз қарасыңызды өзгертеді әрі сөйлеу мәнеріңізді де жақсартады.
4)Өз өзіңізге есеп беру.Шынында өз өзіңізге есеп беру арқылы өзіңіздің қаншалықты әрекет етіп жатқаныңызды анықтай аласыз.Яғни,әр күн сайын бүгін мен не істедім?, немен айналыстым?пайдалы әрекет жасадым ба?деген сұрақтар қою арқылы өз өзіңізге есеп беріңіз.
5)Шектеу.Қазіргі уақытта,біздің пайдалы іспен айналысуымызға кедерге келтіретін ол ұялы телефон.Біз сол телефонға үңіліп,бір күнімізді қалай өткенін байқамай жатамыз.Сол себепті телефонға белгелі бір шектеулер қою арқылы телефоннан арылып басқа пайдалы әрекеттермен айналысыңыз.Тек ұялы телефон емес басқа да зиянды әрекеттерге шектеу қоюды әдетке айналдырыңыз.
Мен бүгін бір-біріне ұқсамайтын адам өміріне,денсаулығына,санасына пайдалы 5 түрлі әрекеттерді сіздерге ұсындым.Уақытыңыздың тиімді өтуі өз қолыңызда.Осы әрекеттерді бүгіннен бастап,өзіңізді өзгертіңіз.