ПАТРИОТИЗМ ТУРАЛЫ ТАҒЫ БІР БЛОГ

Менің туған жерім – тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан - байлығы өте көп, қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу, көркем. Алып асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер,тасыған өзендер, айналаны қоршаған, керемет бір пейзажды өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстанымыз алуан түрлі аңдар мен құстарға, жан-жануарларға да бай. Еліміздей шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мақтан тұтпау, мүмкін емес. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала, еш жерде жоқ шығар.  Осы жерде, ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсаған,  ата-бабаларымыз, батырларымыз, елінің болашағы үшін өшпес мұра қалдырған даналарымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. «Отан-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ормансыз бұлбұл, Отансыз адам деген ұлағатты сөз бар. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әр азаматтың алғаш борышы. Өз басым, біздің халқымыздың ардақтау сезімі өте терең деп ойласам да, соңғы уақыттары жүрекке кірбін салып, сұрақ туғызатын кейбір мәселелер бар. Соларадың бірі және бірегейі – патриоттық сезім, ұлтжандық..........

Патриотизмді дамытудың басты шарты, отандастар бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтау. Осы тектес миллиондаған отандастарымызды бір-біріне байлап тұрған, бөлінбес бір Отан, ұлтқа біріктіріп тұрған патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік. Сол үшін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді сақтап тұрған патриотизм біз үшін өте маңызды, басты мәселе. Патриотизм әрине әр-қайсымыздан басталады.

 

 

Алайда патриотизм жасанды болмаған жағдайда ғана өз жемісін береді. Патриотизмнің объектісі, қайнар көзі Отан. Ал оның мазмұны табиғаты, оның байлықтары, жері, тарихы, тілі, т.б. Сондықтан біздегі патриотизмде ұлттық мазмұн болуы шарт. Мысалыға, елімізде өмір сүріп жатқан өзге диаспоралар Абылайхан, Бөгенбай, Қабанбайды, Ахмет, Әлихан, Мұстафаны Отанын қорғаған батырлар ретінде тануы және өз қаһармандары ретінде қабылдаулары керек. Себебі өзге диаспоралар өмір сүріп жатқан Отан үшін құрбан болғандар, олардың да батырлары болып қабылдануы қалыпты жағдай. Өйткені оларға Отан болған жер үшін, өмір сүрулеріне жасалған жағдай үшін құрбан болғандарға құрмет көрсетуі азаматтық парызы.

 

Патриоттық сезімді халықтың табиғатына жақын, өмір сүру салтымен ұштастырғанда ғана ол сіңімді әрі әсері мол болады. Халқымыздың ғасырлардан бойы тарихы, қалыптасқан сана-сезімі бар. Патриотизм осылармен ұштасқан жағдайда ғана, Қазақстан жетістікке жетеді. Елбасымыздың болашақты болжай алатын көреген саясаткер екендігін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранына «Намысын бермеген қазағым мықты ғой» деп өзгеріс енгізгенінен байқауға болады. Егер назар салсақ, мемлекеттік  әнұранымызда тек қазақ ұлты туралы ғана айтылып тұр. Үйткені, болашақта Қазақстанның азаматымын дегеннің бәрі қазақ деген ұлттың айналасына ұйысып, сіңісіп кететіндігіне көз жеткізді. Қазіргі күннің өзінде еліміздің кез-келген азаматын, шет елдерде қазақ деп таниды. Өздерінізге белгілі, Қазақ емес талай отандастарымыз шетелге барып, өздерінің қазақ азаматы екендіктеріне көздерін жеткізіп қайтып жатыр.Біз үшін, сөзсіз, бұл бір жетістік, дегенмен бұл процесті жеделдетудің төте жолы ұлттық патриотизмді дамыту. Егер біз ұлттық патриотизмді дамытар болсақ, еліміздегі өзге этникалық топтарды өзімізге сіңіру процесін жеделдетер едік деп ойлаймын. Түптің түбінде азаматтарымыздың бәрі қазақ азаматы болып, қазақ азаматы екенін мақтан тұтатындай болады.

Мың өліп мың тірілген қазақ халқы осы бір Отан үшін не көрмеді, не істемеді.Білектің күшімен, найзаның ұшымен Отанымызды аман сақтап, болашағымызды ойлады. Елін, жерін қорғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі ұрпақ қорлық пен зорлықтың сан түрін көріп, «елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге қамалып, қуғын көрді. Тәуелсіздікті көру бір арман болып, осы күнді көрмегендер қаншама. Осының барлығы не үшін еді? Әрине Отан үшін.

Патриотизмді дамытудың басты шарты, отандастар бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтау. Осы тектес миллиондаған отандастарымызды бір-біріне байлап тұрған, бөлінбес бір Отан, ұлтқа біріктіріп тұрған патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік. Сол үшін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді сақтап тұрған патриотизм біз үшін өте маңызды, басты мәселе. Патриотизм әрине әр-қайсымыздан басталады.



Бөлісу: