Патриотизм трендке айналып бара ма?

Патриотизм трендке айналып бара ма?
жеке
блог

Патриотизм - ол ұлттық құндылық. Әрбір адамның рухани құрметі. Әсіресе, жалындаған жастардың бойындағы ұлы сезімі. Патриотизм - жалпы айтқанда ұлттық колоризм. Қазақтың иісі аңқып тұратын нәрсе. Бүгінгі таңда патриот жастар Қазақстанда өте кеңінен дамып, өсіп келуде. Бұл өте қуанышты жағдай, себебі қазақ жалындаған жастарымен ғұмырлы. Қазақстан - ұлттық құндылықтарымен бой түзеп, әлемде ерекшеленеді. Өзіндік ұлттық киімдерімен, ою-өрнектерімен, қолөнерімен, мәдениет-әдебиетімен ерекше. Қазіргі таңда патриотизмнің үлкен бір көрінісі еліміздің жастары байырғы дәстүрімізді жаңашыл бағытта өңдеп, жаңартуда. Әлем сахналарында ұлттық құндылықтарымызға жаңа дем мен серпін беріп, көк туымызды көкте желбіретуде. Мысалға айтатын болсақ: ұлттық киімдерді бүгінгі сәнмен әрлеп, ұлттық музыка аспаптарымызды электронды жүйеге ауыстырып, күнделікті батыстық стильге қазақи нақышты қосып киіп, ою-өрнектерімізді заманауи жиһаз бен ыдыстарға салып, ұлттық әшекейлерді сәнмен тағу, т.б. Әр ай сайын қазақи бір жаңалық ғаламторда белең алып, сәнге айналуда. Бұл-деген мен үшін керемет. Өйткені күнделікті әрбір затта қазақи бір бөлшек еріп жүрсе, бұл біздің ұлтымыз бен дәстүрімізге деген құрмет деп білемін. Қоғам ұлттық колоризмді жаңашыл бағытта жақсы қабылдауда. Тренд пен бренд ұғымы тамырын тереңге тастап, әр түрлі әлеуметтік желілерді жандандыруда. Жастар ең көп қаралымға ие тізгінді ұстап, өздерінің шығармашылығы мен креативтілігі, жан-жақтылығы мен ізденісі арқасында қаралым санын көбейтіп, ұлттық құндылықтарымызды әлем каналдарында өзге ұлттардың да қайталануына ықпал жасауда. Өнер саласында ескі әндерді жаңа ритммен айтатын жастар көбейді, ұлттық музыка аспаптарында музыканы жаңашыл бағытта орындау, күнделікті киімдерге қазақи келбет сыйлау, әшекей-бұйымдарды образға сай етіп тағу, кәжекей, қыз жасауларын заманауи тігу, ұлттық тақияны тастамай кию, смартфон сырттары мен қолдорбаларға қазақи ою-өрнектерді орнықтырып пайдалану бүгінгі күннің трендіне айналды, бұл да үлкен патриотизм деп білемін. Ұлттық құндылықтарымыз - ұлттық дәстүрді сақтаумен, жандандырумен ғана бояуын сақтайды, ұлттық колоризм болмаса, ұлт та болмайды. Ұлтымыздың мерейін өсірер патриот жастар көбейе берсін!