Кейде жақсы бір музыка болса, осы күнге дейін өткен уақыттарымды еске алып, күліп, мұңайып тыңдап отырғанды жақсы көремін. Мұндай сезімге кез келген қазақ әні әсер етпейді. Себебі, біздің әндерде саздылық (мелодичность) жетіспейді. Қарапайым қазақтың кез келген әнін тыңдасан, онда жай ғана қарапайым қоңыр дауыс, бір бағыт қана байқалады. Мүмкін, мұндай әндерді тыңдайтын адамдар бар шығар. Бірақ, ол адам мен емес. Музыканы тек құлағыммен емес, барлық дене мүшеммен сезінгенді жақсы көремін. Бүгін сіздерді мені сондай күйге жеткізген әнмен таныстырғым келіп тұр. Ол Son Pascal-дың жаңадан шыққан әні. Біздің итальяндық қазақ осындай туындысымен бүгінге керемет көңіл күй әкелді. Бейнетаспасы да кеше ғана жарыққа шықты. Ол - біздің интернетте танымал Айя Шалқардың қатысуымен түсірілген бейнетаспа. Маған өте қатты ұнады. Жарайсың, Сон! Ән ұнаса саусақтарыңызды жоғары көтеріңіз. Сапалы қазақ әнін тыңдайық. Демалыс күндерініз жақсы өтсін достар!