Парқына әңгіменің егітілер, қымбатты әрбір сөзім асыл зерден! (байқау)
блог
Домбыра десе деребесі қозатын достарым! Менің келесі блогымды көргісі келіп, құлшынып отырған көрермендер! Менің "Өрен жүйрік" деп аталатын термемді қабыл алыңыздар! Мақамы да, сөзі де Жиенбай жыраудан! Толығырақ тоқтала кетсем:
Жиенбай жырау Дүзбенбетұлы бұрынғы Қазалы уезі, Қармақшы ауданы, Қуаңдария болысы, 2-ауылда 1864 жылы дүниеге келген. Әрі әнші,әрі араб әрпімен танырлықтай сауатты болған.Оның жыраулық өнерінің көпшілігі Сыр бойының дәріпті ақындарының (Омар Жүсіп, Ерімбет, Базар, Оңғар, Шегебай) таңдамалы шығармаларын жаттап, алып, әр түрлі әндермен домбыраға қосып, мәнеріне келтіріп жырлайтын жарақты жырау атанған.
Жиенбай жыраудың жыраулық дәстүрін жалғап келе жатқан ұрпақтары бар: баласы Рүстембек - одан -Көшеней - Көшенейден Арнұр.
Бүгін мен Жиенбай жыраудың "Өрен жүйрік" атты термесін орындап беремін. Тыңдап, бағасын бере отырыңыздар!