Папарацци:) (Бокстан AIBA әлем чемпионатынан көріністер)

14-26 қазан аралығында Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатының болғанын естімеген, оқымаған массагеттік жоқ шығар 

Мен ерекше жақсы көретін спорт түрі - бокс. Әрине, айналысуды емес жанкүйер болғанды жаным сүйеді! Және жанкүйер болғандағы еңбегің де еш кетпейді!  Осы чемпионаттың финалына қатты барғым келді. Сонымен улап-шулап жанкүйерлер отыратын секторға орын таптым! Қолымдағы фотоаппаратты көргеннен кейін волонтер қыз: "Суретке түсіруге болмайды!" деп екі-үш рет ескертті. Оны елейтін мен жоқ, түсірдім суретке 

Сол суреттерді назарларыңызға ұсынайын!

Назерке Смағұл ғой бұл! Волонтер болып жүр, важная өзі))

Алғашқы алтынды олжалаған Біржан Жақыпов және қарсыласы Мохаммед Флисси! 

Осы чемпионаттағы алғаш көк байрағымыз көкке көтерілген сәт!

Төбемізді екінші рет көкке жеткізген Мерей Ақшаловтың жекпе-жегінен көрініс. 

Данияр Елеусіновтің жеңісті жекпе-жегі

Данияр елбасымызға құрмет көрсетіп жатыр

Кілең жақсы мен жайсаңдар

Төртінші алтын сыйлаған Жәнібек Әлімханұлы

Мен ерекше құрметтейтін боксшы - Әділбектің шығып келе жатқан сәті.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/SaG_74Dd9lw","width":"425","height":"350"});

Әділбек мен үшін бәрібір чемпион!

Сосын жанкүйерлер арасынан қазақтың мақтаныштары болған Ардақ Назаров пен Жанқош Тұраровты байқап, соларды түсіре бастадым

Назеркені түсіріп алдым тағы да) Алыста тұрғаннан кейін бұлыңғыр боп тұр.

Мен Жанқошты дауыстап шақырмадым. Өзі қарап қалды, аж түсіріп тұрғаныма өзім ұялып қалдым

Сонымен, солаай! Бітті! Көп адам маған әсіреұлтшылсың, әсірепатриотсың дейтін, ал сол күнгі күйімді көргенде мені "1937нің жендеттері" ұстап алып кетер ме еді?!



Бөлісу: