Панкейктерді жақсы көресіз бе?

Жексенбілік таңыңыздың тәтті басталуы үшін сізге тез әрі оңай дайындалатын панкейктердің дайындалу жолын ұсынамыз.Көп азық-түлікті қажет етпейтін панкейктер сізге де ұнайды деген сенімдемін.Ендеше,назар аударыңыз.Асханада сізіге қажет болатын заттар тізімі:

1 стакан сүт;

1 стакан ұн;

0,5 шай қасық ас содасы;

3 шай қасық қант;

0,25 шай қасық тұз;

1 шай қасық күнбағыс май;

Алдымен,сүтті жылытып,үстіне қант,тұз және ас содасын қосыңыз.Біркелкі етіп  алған соң арнайы қасықпен араластырып  отырып ұн қосыңыз.Қоюлығы қаймақтың қоюлығындай болу керек.Біркелкі массаны шығарып алғаннан кейін күнбағыс майын қосып,тағы да жақсылап араластырыңыз.Дайын болған қоспаны 1 ас қасықпен арнайы ыдысқа құйып отырып пісіресіз.Әр панкейк шамамен 3-4 минутта піседі.Дайын болған соң бетіне  бал немесе джем қосуға болады.Жеміс-жидектер де десертке ерекше сән беріп,дастарханыңыздың ажарын ашады.

Күнделікті күйбең тіршілікпен шаршап жүре бермей,ойыңыз бөлінетін жақсы істермен айналысыңыз.Асыңыз дәмді болсын!



Бөлісу: