Пандемиядағы туризм

Әлемді сарсаңға  салған індет өз кезегінде еліміздегі туризм саласына үлкен әсер етті.

Дүниежүзілік CОVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанға келу туризмі бойынша келушілер саны 90,9% -ға азайды (ҚР ҰҚК ШҚ деректеріне сәйкес). Кірген келушілердің ең көп саны Ресейден – 41,5%, Өзбекстаннан – 18,6%, Қырғызстаннан – 17,1%, Түркиядан – 8,7%, Грузиядан – 2,9% болды.

Осыған байланысты халық шипалы суына ем іздеп баратын Алакөл демалыс орындарының өкілдері биыл туристер тым аз оның үстіне карантин талаптарын сақтай отырып жүмыс істеу шығынға батырып жатыр дейді.

Осы бойынша Алакөл демалыс орынының өкілі: Зухра Маратова 240 адамдық орынның өзіне бізге 50 пайызына ғана рұқсат берілген.Бірақ сол елу пайыздың жартысы толмайды себебі барлығы корықады келуге дейді.Бізде қазір табыс көзі емес тек шығынға ғана батып жатырмыз деп отыр жеке кәсіпкер.

Алакөлде туристер арқаны кеңге салып жылдағыдай демалды.Медициналық бетпер де киген адамдарды да көрмейміз.

 Алматы қаласының тұрғыны Светлана Жаңабаева осы бойынша өз ойымен бөлісті: Алматыда   үш ай,төрт ай үйде қамалып отырдық,далаға шықсақ маскасыз шықпай әбден шаршадық, енді осында демалуға келгенде сол маскадан кішкене демалайық деп кимей жүрміз.Қарасақ мында індетке байланысты ел аз,бірақ бәрі көңілді ауырған адам жоқ. Енді Құдайға сеніп ауруда жоқ шығар деп жүрміз.Ауасы да жақсы бұл жердің, емге шипа деп отыр-демалушы.



Бөлісу: