Пәле болды ғой,тегі))

Массагеттік ағайын! Ғаламтордың торына әбден шырмалып болдым-ау, мен..  Қазір жазғы демалыс. Әр күнді қызықты, жаңа нәрселерге бөлетін нағыз уақыт. Ал мен болсам таңертеңнен кешке дейін ғаламтор ақтарымын да отырамын. Тұрып кетемін. Бірақ, қалайша келіп қайта отырып алғанымды түсінбеймін. Күндіз-түні манитордың алдында отыру көз жанары үшін зиянды екенін өте жақсы білемін. Санам да ғаламторды көп ақтарудың орнына құнды кітаптар оқы дейді.Ал, қолым болса, өз білгенін жасап жүр.  Мен әдетте түске дейін курс орталығында боламын. Түстен кейін әрине, компьютердің алдында. Міне, екі күн демалыс берілген. Аздап демалғаным болмаса көп уақытымды ғаламторда өткіземін. Ғаламторда ұзақ отырмайтындай амал бар ма, әйтпесе, кейбір дене мүшелеріме обал болды. Мен сияқты таңды компьютермен қарсы алатын, кешті компьютермен батыратын достарым өте көп.



Бөлісу: