Әр адам өзіне мына сұрақтарды қоюы тиіс:
Егер өзіңізді білмесеңіз, онда өзіңізге қанша жас берер едіңіз?
Неліктен өмірдің тым қысқалығына қарамастан өзімізге ұнамайтын нәрселерге көбірек көңіл бөлеміз де, ұнайтын нәрселерге онша көңіл бөлмейміз?
Қайсысы жаман: сәтсіздікке ұшырау ма, әлде байқап көрмеу ме?
Егер де сізге әлемде бір нәрсені өзгертуге мүмкіндік берілсе, қайтер едіңіз?
Егер бақыт ұлттық валюта болса қандай жұмыс істер едіңіз?
Сіз сенетін нәрсеңізді істейсіз бе, әлде істеп жатқан нәрсеңізге сенесіз бе?
Егер кішкентай бүлдіршінге өмірлік кеңес берсеңіз, қандай кеңес берер едіңіз?