Өзіңе сен...

Өзіңе сен...
жеке
блог

- Менің 24 жасар ұлым бар. Ол өте мейірімді, менің жалғыз үмітім.

- Олай демеңіз. Ешкімге олай үміт артуға болмайды. (Дорамадағы диалогтан үзінді)

Шынымен, адам баласы жақындарына көп үміт артатыны сөзсіз. Ата-ана - балаларына, сүйген адам - сүйіктісіне, ұстаз - шәкіртіне, бастық - жұмысшыларына және т.б. Ал бірақ оларға үміт артуды кім үгіттеді? Ең басында ешкім менен үміттен демейді ғой. Әрқайсы өз бетінше жүреді, жақын адамдар бола бастайды. Ал кейін біреу-біреуге міндетті, біреу-біреуден үмітті болады да қалады.

Ең соры, әрине, сол үміттің ақталмауында. Былай қарап тұрсақ, адам өз әлемінде бір иллюзия құрып алды да, кейін үміт артқан адамы сол иллюзиясынан босап шықса болды драма басталады. "Неге ол былай? Неге ол олай? Неге өмір солай болып кетті?" деп өз-өзін, сосын тағдырды кіналайды. Ал бұдан қаншама трагедия орын алып жатыр десеңізші...

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап - деген Абай атамыздың өлеңін алып қарасақ, неге еңбек, неге ақыл және өзіңе сену ғана бар мәселенің жауабы дейді? Біз тек өзімізге сене аламыз, іс-әрекеттерімізден үміт күтеміз және өмірден өз еншімізді алып, ақыл жиямыз. Бірақ ешуақытта бұған біреу себепкер, және біреу кінәлі емес. Әр адам бар жауапты тек өз іс-әрекеті мен өз ішінен іздеу керек екен. Үмітті де тек өзіне артып үйрену керек.

Мен сенен үміттенемін, айнадағы бейне...