Өмір! Осы сөзді оқығанда алғаш есіңізге нені түсірдіңіз? Əрине, өкініш пен қуанышқа толы сəттеріңізді... Осындай өмірде алға жылжи алмай бір орныңызда тұрақтап қалып, мүмкін, мына өмір қызық емес деп қайғырған сəттеріңізде болған шығар? Тез арада мұндай жаман сөздерді есіңізден шығарыңыз! Өйткені, қайғыра отырып қуанышты сəттерді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Ендеше, сізге мына кеңестерді ұсынамын. Мүмкін, осыған ұқсас кеңестерді оқи-оқи жалыққан да боларсыз. Алайда, сіз бұл кеңестерді орындамадыңыз. Ия, рас қой! Бірақ бұл сіздің қолыңыздан келеді. Ендеше, сізге сəттілік серік болсын!
1. Ұялы телефоныңызды тастаңыз! Əрине, біржола емес. Тек, аз пайдалануға тырысыңыз. Сонда ғана сіз адамдармен көбірек араласып, өмірде телефоннан да басқа қызықты жайттар болатынын сезінесіз. Əрі ата-анаңыздың осы бала-ақ телефонын қолынан тастамайды деген сөзін де аз еститін боласыз.Есіңізде болсын, телефонды тек қажет болған жағдайда ғана пайдалануға тырысыңыз. Əйтпесе, уақыт бір орнында тұрмайды ғой, қайталанбас қызықты сəттерден қалыс қалуыңыз мүмкін. Ендеше, сізді алғашқы қадамыңызбен құттықтаймын!
2. Спортпен айналысыңыз! Осы сəтте ұялы телефоныңызды пайдалы жағыңызға қолдансаңызшы. Телефоныңызға жаттығуларды( мысалы, йога секілді) жүктеп, тұрақты түрде айналысып отырыңыз. Мұның пайдасы өте көп. Біріншіден, денсаулығыңыз мықты болады, екіншіден, сымбатты бола түсесіз, үшіншіден, өзіңізге деген сенімділігіңіз артады, төртіншіден ортаңызға сыйлы боласыз. Осылай қалай өзгере бастағаныңызды байқамай да қаласыз!
3. Күлімдеп жүріңіз! Бұл менің жақсы көретін тіркесім! Өкінсеңізде, ашулансаңызда күліп жіберіңіз.Кішкене қиыншылыққа ашуланып, жүйкеңізді тоздырғанша күлімдеп жүргеніңіз өзіңіз үшін жақсы емес пе? Жəне де сізді ұнатпайтын адамға күніне бір рет жақсы сөз айтуға тырысыңыз (мысалы, "Сенің мұндай жақсы жасайтыныңды білмеппін! ", "Сен жақсы адам екенсің ғой", т. б. ). Сонда ол да сізге жақсы көзқараспен қарай бастайды. Міне, мұның өзі сіз үшін үлкен жеңіс!
4.Өмірді өзгертер сəт келді! Сіз үшін бір күннің екінші күннен айырмашылығы жоқ па? Қызықты сəттеріңіз аз ба? Ендеше, іске кірісіңіз! Əйтпесе, басқа біреу келіп сіздің өміріңізді жақсы жаққа бұрмайды ғой. Əркім өзінің өмірі үшін жауапты! Мысалы, күн сайын жаңа бір шаш үлгісін жасауды үйреніңіз немесе жаңа бір тағам жасауға кірісіңіз. Ешқашан құр отырмаңыз!
5. Ұмытпаңыз! Өмір бір-ақ рет беріледі. Өмірде өкініп қайғыдан көз ашпай кету де, қайталанбас қуанышты сəттерді бастан кешіріп бақытты болу да өз қолыңызда!
P. S. Тек өзіңізге сеніңіз! Менің кеңестерім сізге кішкене болса да ой салса, ол мен үшін үлкен жетістік болмақ!!!