Өзің қандай болсаң - өмір сондай

     Жазғы демалыстан келгеніме апта болды. Қазақтың ең күшті демалысы ауылда ғой. Менде белгілі себептермен, осы ауылды таңдадым. 1 ай уақыт зымырап өте шықты-ау. Адамның ойындағысы бола бермейтініне осы жолы тағы көзімді жеткізіп қайттым. Ұтқаным, алаңсыз, әлемдік масштабты қойғанда, күнделікті жұмыстың барлық мәселелерін аз уақыт болса да, санадан ысырып тастап, ауылдың қарапайым тіршілігімен әлек болдым. Бірақ, соның өзінде ауылдағы уақытымды сәтті өткізе алмадым деп ойланып қалам. Бір жағы, бұл менің ауылда өткізген соңғы ұзақ күндерім болсыншы деп тіледім. Талпынсаң, бірдеме болады емес па, отырып, әркімге тамсанып отырғанша! Шетелді қойып, еліміздің тарихи орындары мен көрікті жерлерін араласам деген ой былтыр қалыптасқан болатын. Бірақ, менде студент шақтан қап кеткен стереотип(Стереотип (Stereotype) - 1) шаблон, штамп ретінде өзгермейтін, жалпы қабылданған үлгі; уикипедия) бар, "жазғы демалыста ауылыңа барда, үйіңдегі Ағаңның полясына көмектес, күзге қарай әйтеуір бұйырғанын аласың" деген сияқты. Осыны еш ысырып тастай алар емеспін. Биылғы жылы демалысымда, осы жайды тағы да ойланып, "менің ойлап жерген көмегіме, үйдегілердің аса мұқтаж" емес екендігіне көзім жетті. "Болды, енді сен ауылға қонақсың" деп тағы біреу сыбырлағандай болды. Ауылдағы үлкен ағаларым да менен қаланың жайын сұрайды. Сонда, мен олар үшін ауыл тұрғыны тізімінен сызылып тасталғанмын.

     ПыСы. «Өзің қандай болсаң – өмір сондай» Қадыр Мырза әлі. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөзге сәйкес кеп тұрғандай. Біз басымыздан қандай жағдай өтпесін, бір адаммен бөліскіміз келіп тұрады. Қуанышты болсын, қайғылы болсын біз соны айта отырып, өзімізді өзгелерге танытамыз. Және, қандай нәрсе айтсақ та, өзіміз судан ақ, сүттен таза боламыз да, кінәні өзгеден іздейміз. Өзімізді кінәлауға сөзіміз жетпейді, тіліміз бармайды. Өйткені пендеміз. Жоғарыда айтылып тұрған сөзге үңіліп қарар болсақ, ия расында да солай емес па деп қоштай кететініміз анық. Ия, ол адамда қалыптасқан өмірді, қоғамды, ортаңды танудың жүйесі мен дәрежесіне қарай өміріміз солай жалғаса бермек. Адам санасы сырттай қарағанда «қалыпты шеңбер» деп алып қарайтын болсақ. Біз сол шеңбердің төңірегінде ғана ойлап, өзімізді шектеп тастаймыз. Стереотиппен ғана ойлап, түсіне аламыз. Өмірде мен секілді қаншама стереотиптік көзқарасынан арыла алмай жүргендер бар десеңші.

    Пысының пысысы. Мұның барлығы жұмыста кезекшілікте отырып, демалыс туралы ойлағанда туындады))) 



Бөлісу: