2011 ЖЫЛ
Жылдың үздік сайты: on.kz, kultobe.kz
Жылдың үздік блогшысы: Жарқын Алаш пен Ботик КМ
Жылдың ең үздік ленташысы: Алтайдың ар жағынан келген кемпір!
Жылдың жаңалығы: Қызыл диплом, «Алаш айнасы» газетінің ұжымы, МАФИЯ ойыны
Жылдың афоризмі: «Мен оны, ол басқаны, басқа болса өзге біреумен қол ұстасып кете барады...». «Ол көктем оралмайды» атты «БІЗ» ҚазҰУ жастарынан құралған студенттер театрындағы бас кейіпкердің сөзі.
Жылдың жазушысы: Жақсылық Сәмит
Жыл ақыны: Қуандық Шолақ, Табиғат Абайлдаев
Жылдың ең керемет сыйы: Ғашығым - Жадыра
Жыл киносы: «Кунгфу панда 2», «Менталист»...
Жыл трагедиясы: Діни экстремизм, Жаңаөзен оқиғасы, жеке құжаттарымның жоғалуы
Жылдың үздік демалыс орны: Есентай жағалауы (ҚазҰУ қалашығы)
Жылдың ең үздік тағамы: «Бөбек» асханасы, кафетерий
Жылдың ең үздік сусыны: айтуға ұяламын
Жылдың ең үздік әсері: М. Мағауин «Көкмұнар» романынан алған әсер
Жылдың үздік әні: Досымжан Таңатаров «Бола ма екен, бола ма?», Мейрамбек Беспаев «Анашым»
Үздік қала: Түркістан. Мен онда 10 күн болып қайттым.
Жыл шоколады: Супер контик
Ең күшті еркелету: «Өзім білем» деп мұрнын шүйіру...
Менің тілегім: Уақыт пен ақша, қалғаны құдайдан...