Өзіме жыным келіп жүр, жыным келіп...

 

Өзіме жыным келеді. Неге мен де басқалар сияқты ренжіп, өкпелей алмаймын?! Өзгелердің көңіліне қарап, ренжітпеуге тырысамын да жүремін. Айтқан сөзін жерге тастамауға тырысам. Жалпақшешей болып шаршадым әбден. Кінәлі болмасам да бірінші мен кешірім сұрап, сөйлеп кетем. Не мен жұрттың көңілін көтеретін клоунмын ба? Менде бауыр ғана емес, жүрек пен өкпе де бар екенін неге сезбейді жұрттар?!

 

Кейінгі кезде өкпелеуді үйреніп жүрмін. Күшті екен ғой өзі! ))) Басында ешкім байқамайды, тіпті өкпелеп жатқанымды елемейді де ғой. «Неге сөйлемейсің?Бүгін сенің түрің ұнамай тұр. Неге күлмейсің?» дейді. «Не, серёзный болуға болмай ма! » дейсің ғой. «Жоғи, саған жараспайды екен, Жазира болмайсың ғой онда» дейді ғой. Сосын мен «Ашулымын!» деймін даусымды көтеріп, аузымды бұртиып. Рахат, елдің назарында болады екенсің. Дәмді тағамдар әперіп, сыйлықтар жасайды неше түрлі. Шелееек болып отырасың ғой. Ашуымның қай жерге дейін жететіні өзіме де, елге мәлім! Ең кіші саусағы шылдыр шүмегін ұсынып «енді доспыз ба?!» дейд. Мен де «доспыз» деймін. Артынан ыржың-ыржың етіп жымиып қоясың ғой!))

 

Бірақ, шынымен өзіме жыным келеді. Оқушы кезімде ұрыса алатын едім, нуу шамалы болса да  ырымын жасап. Қазір уаще ғой. Бойымдағы анти деген ағайдың қайда жоғалып кеткенін қайдам. Кейде ойлаймын, ақымды неге жегізіп жүрмін елге деп.)) Кейде, көздеріне жас бала  сияқты көрініп кетем бе, ұрсып тастайды. Жарайды, олардың табиғаты солай ғой дейм да қоям ішімнен. Жоқ, олай істеуге болмайды екен. Не мен қашанғы ұрыс естіп жүре берем! Деееп кейде жүнін қомпайтқан бала қораз сияқты мотивация беріп қоям ғой өзіме.

 

Кейінгі кезде ештеңеге бас қатырмай тыныш, байсалды өмір сүруге тәрбиелеп жүрмін өзімді. Бұрын до того менің жеке өміріме түкке қатысы жоқ нәрселерді де уайымдап, ұйықтай алмай жүруші ем. Мәселен, бұрын студент кезде бір топ зиялы қауымның  жиналысына қатысып, сонда қазақ тілдің нағыз бейшара халін түсініп түнімен ұйықтай алмай өліп кете жаздаған кезім болған. Тіпті универдің ректоры орнынан кетеді екен деген сыбысты естіп, түнімен Алладан мен оқуымды бітіргенше кетпеуін сұрап, тіпті көрпе астында көз жасымды көл қылып жылап, тілеп шығатын едім ғой тілеуін. Как будто сол ректор мені қамқорлығына алып, демеп жүргендей. Керек десеңіз танымайды да ғой мені.

 

Бұрын танитыны бар, танымайтыны бар жандарға жаным ашып көмектесіп, көмектесе алмасам көмектесе алмадым деп уайым жеп жүрсем, жанымдағылар «зачем басыңды ауыртып, сен-ақ Мать Тереза болады да жүреді екенсің. Екі туып, бірі қалғаның ба? Ондайлар көп қой» дейді де отыра береді. Сосын басым салбырап кеткені сол.

 

Жақында пайда болған құрбымның жұмысында мектепті биыл бітірген жас қыз бар екен. Баратын жері жоқ. Тірі жетім. Әке-шешесі ажырасып екеуі де басқа жандарға тұрмыс құрып, үйленіп кеткен. Анау қыз алтын белгіге бітіріп, Мәскеуге оқуға грантқа түскен екен. Баратын қаржысы болмапты. Сонымен бір бала-бақшада «няня» болып жұмыс жасап жүр екен қазір. Содан құрбым жаны ашып көмектескісі келіп қасымызға бірге тұрғызайық деді. Оған бір құрбым көнбеді. Мен үнсіз отырмын. Ішімнен жаным ашып тұр ғой енді. Бірақ, өзгелер айтпақшы әркімнің жағдайын ойлай берсең не болады. Жүректен дым қалмайды ғой, тілім-тілім болып. Әрине, жүректі сақтау керек! Ақыры келісімімді бердім.

 

Бір қарасам өзгеріп бара жатқан сияқтымын. Жақсы ма жаман ба білмеймін. Тәубеге келу керек шығар. Мешітке де күнде барам деп аяғым жетпей жүр соңғы уақытта. Өткенде Массагеттегі Мұсылман күнделігі деген блоггердің бір жазбасын оқып жамааан қорқып қалып едім. Енді бармасам, Құдайдан ұят болып кетті. Өзіме жыным келіп жүр...


 



Бөлісу: