Өзімді таныстыру
блог
Барлықтарыңызға сәлем бердім Массагет жанұясы. Кеш танысып жатқаныма кешірім өтінем, кіре салғанымда жан толқыныстарнда болып, сол кездегі ойларымды ғана жазған болатынмын. Мен де өздеріңіздей Аллахтың перзентімін. Осыған дейін жан сырларымды ешкіммен бөліспегендіктен, осындай жағымнан ешкім танымайтын болғандықтан, әзірше атымды жасырын қалдырғанды жөн көрдім. Айыпқа бұйырмаңыздар. Атым белгісіз болса да затым туралы айтып кетейін. Қазақтың қарапайым қыздарының бірімін, жасым жиырма үште. Жоғарғы оқу орнын бітіргем, техникалық мамандығым бар. Қазір басқа салада жұмыс жасаймын, екінші мамандық алу ойымда бар. Барлықтарыңыздағыдай менің де қуаныш пен қайғыға толы өмірім бар. Сәл өзгешеліктері мен қызық жақтары бар, барлығы бірдей түсіне бермейтін ойларым мен мінезім бар. Алда танысып, дос болып кетеміз деген сенімдемін.