Өзімді өзім танымай...
блог
Жалт-жұлт еткен жылтыры бар киім, әрдайым, әр уақыт мэйк-ап, биік өкше, жарқын күлкі, көп достар, көңілді күндер. Мұның бәрі де ақырындап жоқ болып кетіпті менің өмірімнен. Ескі әдетке салып биік өкшелі аяқ киім сатып алудан шаршамаймын, жылтыры бар аксессуарларға да қолым өзі жүгіреді.
Бірақ, бірақ, бірақ...
Бірақ, қазір фул мэйк ап түгіл, жай ғана кірпік бояғым келмейді, көңілді, у-шу, адам көп жерлерден қашып, жалғы жүргенді жақсы көретін болдым. Біреумен сөзталастырып, пікір айтуға да ерінетін секілдімін бе, әлде жай пікірдің ешқандай құндылығы жоқ деп есептейтін болдым ба, әйтеуір "әркімнің пікірі өзіне" деп жүре берем.
Ешкім маған тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін. Жақсы құрбыларым өздері мені жетектеп бір жерге апармаса, баяғыдай бәрінің басын қосып, актив болып жүрмеймін.
Қазір өзімді жалғыз жүрсем жайлы сезінемін. Асоциал адам емес едім ғой! Кішкентай кезімнен өте белсенді, қоңырау секілді сыңғырлап жүретін едім, қазір бір сұр тышқанға айналып бара жатқандаймын. Ең қызығы, сол күй өзіме ұнайды. Алайда, айналадағылар мені танымай жатыр. "Біз білетін күлегеш Айжан қайда?" деп сұрайды. Жарқын күлмеймін де, жымиятын ғана болдым.
Фейсбук пен Вконтактедегі аккаунттарымды өшіріп тастап, оффлайнға кеттім. Осыдан жарты жыл бұрын оп-оңай өшіре салам деп ойламас едім, себебі өте үйреніп қалған ортам еді...
Өзіме - өзім таң қалып отырмын. Мұндай метаморфоздар болады деп кім ойлаған? Біреу айтса, сенбес едім.
Шағын ғана әлемім бар. Күн өткен сайын менің әлемімдегі адамдар саны азайып бара жатыр. Бір күні эгоцентризммен ауырып қалмасам болды)))