Сәлем, Массагет! Көптен күткен айқын мақсаттарды тізбектейтін кез келіпті. Бірге көрейік.
Осы жазғы ең басты мақсатым - ҰБТ - ға жүйелі турде дайындалу. Бұл мен үшін өте маңызды. Жоспарда ҰБТ-дағы 4 негізгі пәнге және таңдау пәнім - ағылшын тіліне дайындалу. Осы бос уақытты, жазды пайдаланып мектеп программасындағы қиналатын тұстарымды мықтылап ұғынып алғым келеді. Оны жүзеге асыру барысында:
1. Күніне әр пәнге 2 сағаттан бөлемін, әрине математикаға көбірек уақыт бөлуге тырысамын.
2. Дайындық барысында түсінбеген сұрақтарды өз бетімше іздеуге кірісемін. "Шың", "Талапкер", мектеп оқулықтарын және интернет ресурстарын пайдаланатын боламын.
3. Апта бойғы дайындығымды TESTENT.RU, MEGAMOZG.kz, Ymnik сайттарынан онлайн тест тапсырып, нәтижемді Screen shot арқылы сіздермен бөлісетін боламын.
Талдықорған қаласында Алтын белгіге үміткерлерді 3 тоқсаннан бастап іріктей бастайды, яғни қаңтар-ақпан айларынан. Сол уақытқа дейін 100 баллдан асыруым керек.
Екінші мақсатым - домбыра үйренуді жетілдіру. Әрине, сіздерге бірнеше күйді үйренемін деп айта алмаймын, себебі жетекшісіз үйрену қиынға соғады. Биылғы жылы үйренген "Көңіл толқыны", "Ерке сылқым", "Бақтыбай" күйлерін және "Сәулем-ай", "Әгугай домбыра" әндерін нақышына келтіріп орындағым келеді. Домбыраға деген сүйіспеншілігім осындай мақсат қоюға итермеледі. Ал, ендеше сәттілік!
P.S Биылғы жылғы қатысушыларға мақсаттарыңнан еш тайсалмаңдар деп айтар едім. Өткен жылы мақсатыма жету үшін барлық қиындықтарға қарсы тұрдым. Жаз мезгілі болғандықтан ауыл аймаққа барамыз. Тіпті, интернет байланысы әрең ұстайтын жерде жүрсем де блогымды уақытынан қалмай шығаруға тырыстым. Солай мақсатымды 98% орындап 10 орынға табан тіредім. Осы сәтте байқауға қатысушыларға мақсатқа жету үшін, ең алдымен, жүрек қалауы мен бойдағы құлшыныс, жеңіске деген ұмтылыс керек деп айтар едім.
Барлығыңызға сәттілік!