"Өзім-сценарист, өзім режиссер" (блог эстафета)

Армысыздар, қалдарыңыз қалай? Студенттер мен оқушылардың өмірі балдай шығар, иә? Сессия-депрессиядан құтылып, көптен күткен жылы ошағымызға оралдық. Екі апта бойы  "Өзім-сценарист, өзім режиссер" эстафетасы жұртты қызықтырды. Сөйтіп, эстафета таяқшасы Алматылық жас ару Қарлыға Бүйенбайдың бастауымен,  Зеренда деген керемет жерден шыққан  Назым Сапарованың қолдауымен, Қазақстанның сұлуы Арай Баймаханның ілесуімен және басы бос сері Малик Сейтбектің қолынан маған табысталды. Ал, ендеше, кеттік! 

Эстафетамыздың шартымен таныстырып өтейін:

1. Эстафетаны қабылдаушы адам фильм желісін жалғастырады. Өз ойынан жаңа кейіпкер қосуына болады. Бірақ бұрынғы кейіпкерлер қалып кетпегені жөн.

2. Қысқа етіп қайырасыз ба, ұзақ-сонар етіп жазасыз ба? Мұның бәрі өз еркіңізде.

3. Өзіңізге тиесілі бөлікке шытырман оқиғаны кірістіруді ұмытпаңыз. Мұнымен қатар, фильмнің атын да өзгерте аласыз.

4. Және эстафетаны бір күнне кешіктірмей келесі бар адамға табыстап отырайық.

Баяғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда Қасым атты сұлтан өмір сүріпті. Сұлтанның ханшайымы өте көрікті, айналасындағыларға асқан мейірімді жан болыпты. Екеуінің 3 баласы болған екен. Үлкені Бегімсұлтан есімді ханшайым өзі бауыры мен сіңіліне қамқор болып қана қоймай, ерке болып өседі. Барлық мереке мен мейрамды жақсы көрсе де, ішінде Жаңа жылды ерекше атап өтеді. Әсіресе Аяз атаға хат жазып, оның орындалуын асыға күтеді. Бегімсұлтанның биыл Аяз Атаға айтқан арманы бәрінен ерекше болды. Ол жазған хатын поштаға салып жібереді. Бірақ, Аяз Ата ауырып қалып, оның немересі Аяз би Бегімсұлтанның хатын оқиды. Ханшайымның арманын орындауға Аяз би жолға шығады. Жолда ол өзі ойламаған оқиғаға тап болады....

 Ол Жамандық перісінің жаңа жылдық безендірулерді жойқын ғаламат күшпен жайпап жатқандығын көреді. Жамандық перісі жанына келген кейіпкерлердің барлығын өзінің күшімен мұз етіп қатырып жатады, тіпті ең керемет сиқыршының да күші жетпеді. Оның мақсаты ғаламға тек жамандық орнату, адамдардың ізгілікке толы сана - сезіміне тосқауыл болып тек бір бірлеріне дұшпан ету, және жаңа жыл деген мерекені түпкілікті жою. Себебі ол Аяз ата мен оған жазған хаттардың орындалатына күмән келтірді. Тіпті, жамандық перісіне жақындап оны тоқтатуға Аяз бидің де қауқары жеткіліксіз болатын. Бірақ, аз уақыт аралығында бұл қорқынышты жағдайды тоқтатпаса Жамандық перісінің мақсаты іске асатыны белгілі еді. Аяз би барлық күш - жігерін жинап қарсы шықса да шамасы келмейтінін түсініп ойлана келе жамандықты тек жақсылықпен ғана жеңуге болады деп тұжырымдайды да өзінің жақын досы Аққалаға Ертегілер елінен Жақсылық перісін шақыруды бұйырады...

 Көмекке келген жақсылық перісі жамандықты бірлікпен ғана жеңуге болатынын түсінеді. Сөйтіп Аяз бидің сенімді серігі Аққала және Жақсылық перісі күш біріктіріп Жамандық перісін жеңіп, жаңа жыл кейіпкерлерін мұз құрсауынан құтқарады. Осылайша Аяз би жамандықты жеңіп сапарын ары қарай жалғасытрады. Ханшайымға бара жатқан жолда алай-дүлей боран болып Аяз би бағытынан жаңылады. Адасып қалған Аяз биді Ғажайыптар елінің адамдары тауып алады...

Сосын, сосын не болды дейсіз? Дүние алма-кезек дегенге сенесіз бе? Бұл жерде дәл сондай оқиға. Аяз атаға жаңа жылға арналған сыйлықтардың жартысынан көбісі осы Ғажайып елінің адамдары жасайды. Олар адасқан Аяз биді көріп. Мән-жайды сұрастырады да Бегімсұлтан есімді ханшайымның арманың орындауға асығады. Жаңа жылға небәрі 48 сағаттары ғана қалды. Осы уақыт аралығында Айбат таудан асып, Қасым сұлтанның еліне жетуі тиіс еді. Сонда еркелеп өскен Бегімсұлтан Аяз атаға қандай тілек тіледі екен? Хатта:"Құрметті, Аяз Ата! Қалыңыз қалай? Келе жатқан жаңа жылыңызбен құттықтаймын! Мен Қасым сұлтанның үлкен қызы Бегімсұлтанмын. Жаңа жылда бүкіл арман-тілектер орындалады емес пе?! Сол себепті, сізге айтар бір өтінішім бар. Отасымызда 3 перзент. Үлкені менмін. Менен кейін бауырым мен сіңілім. Айсұлтан есімді сіңілімнің үш айдан астам денсаулығы нашарлап барады. Дәрігерлер мен емшілерге көрсетсек те шипасын таппадық. Бірақ, бір балгер "Егер Аяз Атаның сиқырлы суынан ішсе, аяғынан тік тұрып кетуі мүмкін", - деген еді. Маған ешқандай тәттінің, әдемі киімнің керегі жоқ. Тек, Айсұлтанды құтқарыңызшы. Бар үмітім сізде. 

Бегімсұлсан "

Міне, сол себепті Аяз ата өз немересін Аяз биге хатты табыстап, қолына сиқырлы суды ұстатты. Уақыт шектеулі еді. Аяз би мен Ғажайып елінің адамдары Асқар таудан асып, Қасым сұлтанның табалдырыған аттап, кіре бергенде Бегімсұлтанды көреді. Сиқыр судың мөлшері азайып қалыпты. Бірақ ем болар деп Айсұлтанға береді. Алыстан ат терлетіп келген жолаушыларды үйге кіргізіп, келесі күні шығарып салады. Ал, Айсұлтан сол қалпында. Үміт үзілді. Енді тек күту ғана қалды. Үйдің іші тас қараңғы. Бір кезде залда безендіріліп тұрған шырша жағылды. Күлімдеп, қасында Айсұлтан тұр. Барлығы қуаныштан шыршаны айналып, ұмытылмастай үлкен той жасады. 

Массагетушкалар, осымен ертегімізді тәмәмдаймыз! Бар жамандық осы жылмен кетсін. Ауырмаңыздар, әрқашан күліп, әр атқан таңға шүкіршілік айтып жүріңіздер! 2016 жылдан тек жақсылық тілейік. Балалары жоқтардың, балалы болсын! Сүйіктісі жоқтары, өмірлік махаббаттарын тапсын! Қалталарымыз ақшаға, асқазанымыз тамаққа толы болсын! Бір сөзбен айтқанда бақытты болайық! Ертегідей барлығы "Happy end" болсын!

Айтпақшы, неге эстафета таяқшасын келесі бір адамға бермеді деп сөкпеңіздер. Маған осы эстафетаны аяқтауды тапсырды. 

  

 

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: