Баршаңызға салем! Қалдарыңыз қалай? Өздеріңізді сағынып қалыппын. Көптен бері блог жазған жоқпын. Массагетке де сирек кіретін болдым. Сабақ, пәндік олимпиада, ҰБТ деп қолым тимей жүр.
Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Ескі жылғы өкпе жоқ, алдағы мешін жылы сәттілік пен берекеге толы болсын! Жаңа жыл қарсаңында эстафета бастаушы едік. Биыл бұл дәстүрді Қарлыға Бүйенбай бастап, эстафета таяқшасын маған ұсынған болатын.
Ол - "Өзім-сценарист, өзім режиссер".
Эстафетамыздың шартымен таныстырып өтейін:
1. Эстафетаны қабылдаушы адам фильм желісін жалғастырады. Өз ойынан жаңа кейіпкер қосуына болады. Бірақ бұрынғы кейіпкерлер қалып кетпегені жөн.
2. Қысқа етіп қайырасыз ба, ұзақ-сонар етіп жазасыз ба? Мұның бәрі өз еркіңізде.
3. Өзіңізге тиесілі бөлікке шытырман оқиғаны кірістіруді ұмытпаңыз. Мұнымен қатар, фильмнің атын да өзгерте аласыз.
4. Және эстафетаны бір күнне кешіктірмей келесі бар адамға табыстап отырайық.
Ертегінің бастапқы желісін Қарлыға әпке құрастырған еді. Мен сол ертегіні әрі қарай жалғастырып жаздым.
Баяғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда Қасым атты сұлтан өмір сүріпті. Сұлтанның ханшайымы өте көрікті, айналасындағыларға асқан мейірімді жан болыпты. Екеуінің 3 баласы болған екен. Үлкені Бегімсұлтан есімді ханшайым өзі бауыры мен сіңіліне қамқор болып қана қоймай, ерке болып өседі. Барлық мереке мен мейрамды жақсы көрсе де, ішінде Жаңа жылды ерекше атап өтеді. Әсіресе Аяз атаға хат жазып, оның орындалуын асыға күтеді.
Бегімсұлтанның биыл Аяз Атаға айтқан арманы бәрінен ерекше болды. Ол жазған хатын поштаға салып жібереді. Бірақ, Аяз Ата ауырып қалып, оның немересі Аяз би Бегімсұлтанның хатын оқиды. Ханшайымның арманын орындауға Аяз би жолға шығады. Жолда ол өзі ойламаған оқиғаға тап болады.... Оқиғаны осы жерден үзіп, әрі қарай жалғастыруға Баймахан Арайға табыстаймын. Ал Ареке (өзім солай еркелетіп атаймын) әрі қарай жалғастырып жаз.
Баршаңызға сәттілік тілеймін!