Өзім жайлы аз-кем ( "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауы)

Сәлем барша оқырман достар!Мен байқау шарты бойынша өзім туралы жазғалы отырмын.Бұл байқау бәрімізге қызықты болып жатыр деп ойлаймын.Ал,ендеше өзім туралы мәліметтер тізбегін ағытайын.

1.Аты-жөнім: Сетеш Саламат

2.Менің жеке суретім

3.Жалпы жиі қолданатын ұстанымым: "Қиындық өтеді,жеңіс жетеді!" 

4.Әр адамда еліктейтін тұлғасы болу керек деп ойлаймын.Менің еліктейтін тұлғам Одри Хепберн.Неліктен десеңіз,оның өмірдің көлеңкелі тұстарына қарамастан алға ұмтылуы,өз мамандығының танымал тұлғасы,сұлу болуы мені өзіне тартпай қоймады.Мен де қай салада қызмет етсемде ,сол жерден Одри сияқты биікке ұмтылуға тырысамын.

5.Хоббиім - грим жасау.Бетке ,қолға әр-түрлі грим жасағанды ұнатамын.

6.Бос уақытымда хоббиіммен айналысамын,кітап оқимын,ерекше тағамдар дайындағанды ұнатам.

7.Жаздық 3 айлық демалысқа өзіме мақсат қойған едім.Сол мақсатты орындауға байқау таптырмас мүмкіндік болды.

8.Массагет порталы алдағы уақытта қызықты байқаулар ұйымдастырса деймін.Мысалы, "Маған арман " жобасындағыдай оқушы өзі ұнатқан мамандықты бір күн атқарса,соны видео немесе сурет ретінде сіздерге жолдаса,үздіктер дараланатын болса деймін.

9.Массагет ұжымы ұйымдастырған Бұл байқау маған ұнады.Массагет ұжымына алғысым шексіз.Тағы да байқау ұйымдастырудан жалықпаңыздар.

 Осымен менің өзім жайлы жазғандарым өз мәресіне жетті.Егер ұнаса лайк басуды ұмытпаңыздар.(жымидым)



Бөлісу: