Өзім жайлы айтайын, оқи отырыңыздар
блог
Сәлем МАССАГЕТ сүйер қауым. Мен сіздердің орталарыңызға жаңадан қосылдым дегенмен осы сайтты көп қараймын. Неше түрлі қызықты тақырыптарда блогтар бар, адамдар басқа қырынан ашылады екен ғой. Ал енді өзім жайлы айтар болсам атым Аида. Тарихы тереңде жатқан Тараздын тумасымын. Жасым небары 12де болсада осы сайтқа тіркелуді жөн көрдім. Отбасымда әпкем және мен, мен үйдін кенжесімін. ЕНді өзім туралы айта берсем көп қой сондықтан қысқа әрі нұсқа болсын. Мен 2000жылы 30қазанда туылдым.
Мінезімді айтар болсам..ой өте қырсықпын дегеніме жетпей қоймаймын. Айналамдағылардың барлығы солай айтады өзіме де солай көрінеді. Біреуге ренжіген кезде жалғыз қалып, музыка тыңдағанды ұнатамын.
Мектеп жайлы айтар болсақ, Тараз қаласындағы №46 орта мектебінде оқимын. Сабақ үлгерімім де жаман емес...Мұғалімдерімнің барлығы жауапты қыз н/е барлығына үлгі боларлық қыз деп атайды. Сонысына қуанамын себебі мұғалімдердің көңілінен де шығу оңай емес. Сыныптастарымның қасында өзімді жайлы сезінемін және солармен өмір қызық емес пе? Достарымның бірі ренжітсе ұзақ уақытқа дейін шыдамаймын сол сүт пісірім уақыт..содан соң ойнап күліп шыға келеміз...
Ал енді қызығушылығым өте көп...Суретке түскенді және түсіргенді ұнатамын. Балалрдың тәтті қылықтары кімді болсын қызықтырары сөзсіз. Бимен шұғылданғанда ұнайды.. Тоқсан сөздің түйіні өзімді таныстырдым деп ойлаймын...Сіздермен тіл табысып кетерміз деп ойлаймын!!!