Өзім жайлы айтар болсам...
блог
Өзіме мінездеме берер алдында, мынаны анықтап алғым келеді: « Мен басқалардан артық емеспін, олардан кем де емеспін. Мен жай ғана өзгешемін, біздің әрқайсысымыз жеке индивидпіз».
Мен үшін өмірде ең маңызды үш нарсе бар. Олар:
- Ата-анам,жақындарым.
- Өзіңнің дұрыс жолдағы адам екенінді іштей сезіне алу.
- Жай ғана бақытты болу.
Мен ата-анама өмірім үшін, қазір мендегі бар дүние үшін мәңгі қарыз боларымды саналы түрде сезінемін. Бірақ олар маған тек осы өтелмес қарызым үшін ғана маңызды емес, мен оларды шын мәнінде бар жан-тәніммен жақсы көремін, оларға деген демім әр дайым ыстық. Жақындарыммен де ұқсас мәселе, жақын адамдар тек туысқандар ғана емес, оның ішіне достарым да кіреді. Мен еш уақытта жақындарымнан бас тартпаймын. Кейде тіпті, сол жақын адамым ренжітіп, маған кесірін тигізіп жатса да тез кешіріп қоямын. Менде реніж ешқашан ұмытылмайды, бірақ жақын адамдарым мен үшін өте маңызды болғандықтан, өз реніжімнен оларды артық қойып кешіріп, бұл мәселені басылар деп қозғамауға тырысамын. Бұл жақындарым,достарыма, ал өзіме жақын деп санамайтын адамдарға мен қаттылау келемін. Бір жоғалған сенім, бір ренжіген көңіл де орынына қайтып келмес.Қайтып келсе де, мен ол адамдарға ашыла түспеймін.
Өзіңнің дұрыс жолдағы адам екенінді іштей сезіне алу дегенім, маған өзге адамның пікірі әрине қызық, бірақ менің өмірімде бұл үлкен рөль ойнамайды дегенім. Өзге адамның аузынан мен туралы жақсы немесе жаман сөздің шығуы маған мақсат немесе міндет емес. Менің негізгі мақсатым өз ішкі дүниеммен әрдайым үйлесімділікте болу. Мен үшін адамның өзін-өзі іштей тәрбиелей алуы маңызды. Сондықтан да мен не істесем де, қалай істесем де, менің сол әрекетім жайлы кім не десе де, мен өзімнің басыма сүйенемін. Өз басыма сүйене отырып, мен өзімді мақтай беруге тырыспаймын. Өйткені мен және менің ішкі дүнием, бөтен ешкім жоқ. Олай болса, жасыратын да түк жоқ, қате істесем оны өзім мойындаймын. Бірақ, көбінесе дұрыс іс-әрекет етуге тырысамын.
Адам не үшін өмір сүріп жатыр? Қоғамға пайдасын тигізіп, артынан із қалдыру үшін және ең маңыздысы бақытты болу үшін. Көңіл-күйіме байланысты мені әртүрлі нарселер белгілі бір деңгейде бақытты етеді. Таңертең оянуым, жанымда жақын адамдарымның болғаны, олардың жылуы, бір нарсеге қол жеткізгенім, біреуді қуанта алғаным т.б. мен үшін бақыт. Жаңбыр жауып аспаннан нұрдың шашылуы, Күннің жарқырап, бізге жылы сәулелерін сыйлайтындығы, жаныңнан өткен бейтаныс адамдардың қуанып кетіп бара жатқаны,өзіме ұнайтын нарсемен шұғылданып,ұнайтын заттарды істей алатыным, гүлдің гүлдегені,құстың ән салғаны, самал желдің соғуы, таулардың, табиғаттың әсемдігі де маған бақыт сыйлайды. Қысқаша былай айта аламын: «Мен жай ғана өзім болып осы өмірді сүріп жатқаныма,осы өмірді көріп, сезіне алатыныма бақыттымын».
«Қара болмай, ақтың не екенін білмес едік» - дегендей, бақытсыздыққа мені тек екі нарсе ұшырата алады. Оның біреуі ата-анам жайлы жаман хабар немесе олардың мұңаюы. Екіншісі, өзімнің кейбір кезде қателесіп, жаман нарселер істегендегі күйім.
Мен мейірімді де,қатыгез де бола аламын. Менің мінезім дәл Алматының ауа райындай, сан құбылмалы. Алайда, нақты бір адамға деген көзқарасым, тек сол адамның өзіне қатысты. Орысшалап айтқанда менде «какой привет, такой и ответ» принципі. Тағы бір ескеретін жайт, басқа біреу жайлы маған келіп өсектеудің де қажеті жоқ. Мен жоғарыда айтып кеткендей өз басыма сүйенемін, адамға қатысты пікірім тек өз көзіммен көргенімнен бастап туындайды. Дегенімен, мен көбінесе адамдарды жақсы немесе жаман деп бөліп қарастырмауға тырысам.Өйткені, біріншіден, жақсы немесе жаман болу ол ситуацияға байланысты. Бір адам кейде жақсы болса, кейде жаман болып қалуы да мүмкін. Екіншіден, мінсіз адам өмірде жоқ, бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз. Үшіншіден, менің елде шаруам жоқ. Тек менің жақындарыма және маған қастандық жасамаса болғаны.
Мен қиялшылмын,армандағанды ұнатамын. Бірақ арманымды мақсатқа айналдыруға тырысамын. Мен ұқыптылықты және нақтылықты ұнатамын, сондықтан бүкіл нәрсені уақытылы істеп тастауға тырысамын. Ұзақ уақытты қажет ететін жұмысты істеуге шыдамдылығым жетпейді, сондықтан оны тез бітіріп тастауға тырысамын.
Жалпы, мінезімнің темпераменті жайлы айтсам, мен сангвиник пен холериктін ортасындамын. Егер жануар кейіпімен өзімді сипаттасам, жануардың мутацияланған жаңа түрі пайда болады. Мен грифон мен ит және пятачекпын деп ойлаймын.