Өзім жайлы айта кетсем

Өзім жайлы айта кетсем
жеке
блог

Өзім Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келгем, Жасым 24 те, елім-арғын. Меркіде 2001 жыға дейін тұрдым, содан соң отбасымызбен Алматыға көшіп келдік. Бірақ Алматының өзінде тек 2 ай оқыдым да, кейін нағашы апам мен атамның қолына бардым. Райымбек ауданы Тоғызбұлақ ауылына. Сөйтіп Мақпал Сембай оқыған мектепте 11 сыныпты бітірдім. Мақпал екеуіміз бірге оқыдық. Ай керемет кездер еді, солай емес пе Мақпалжан?! Содан мектепті тамамдап Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетте 2 жыл ағылшын-түрік тілдерін оқыдым. Тұрмысқа шығып, балалы болған соң сырттайға ауысуға тура келді. Содан Қаз ҰПУ дың мемлекеттік және жерглікті басқару мамандығын оқып шықтым. Ақсай ауылдық аумағы әкімдігінде жетекші маман, кейіннен МЖК Премьера объектісінде  қойма операторы болып жұмыс атқардым. Қазір Алатау -Авто Спец Техника ЖШС-нде  офис менеджер болып жұмыс істеймін.Алла қосқан жолдасым-Бақытжан, Аллаға шүкір екі сары алтындай қаздарым бар. Үлкені-5 те, кішісі-3 ке толады ертең.Міне Сіздер мен туралы білесіздер енді Smile. Сіздермен уақытымды керемет өткізетініме сенімдімін.