Өзім жайлы
Болмаса да өзгеден бөлек түрім,
Басқалардан өзгеше, ерек күнім.
Баға жетпес бақытым бағалайтын –
Біреулерге өлшеусіз керектігім.
Арқалаумен жүргенде жалған жүгін,
Атсыншы деп тілеймін арман күнім.
Ақ көңілін білдіріп жатса біреу
Адал іспен ардақты болғандығым.
Қуанбаймын мен жалғыз елден бұрын,
Қазағыммен бір болсын көрген күнім.
Қиын кезде салмақты бола білсем
Қайсарлығым, тәрбие көргендігім.
Ысырапшыл болғанды жек көремін,
Ырымды да елемей өтпеп едім.
Ымыраны ұнатам, келмес менің
Ыңғайсыздық танытып өкпелегім.
Талап пенен талғамды серік етем,
Төзімділік әркімге көрік екен.
Түрлі мінез болса да адамдарда
Таңдап алып жақсысын көріп өтем.