Өзім жайлы...

Өзім жайлы...
жеке
блог

   Сәлеметсіздер ме,массагеттіктер! Мен осы сайтқа кеше ғана тіркелдім.Жаңа ғана тіркеліп өзім туралы айтып,артық кетсем айып етпеңіздер.Себебі, бұл сайтқа тіркелу менің арманым болатын.Қалай тіркелу керектігін білмей, көп ай жүрдім(( ақырында тіркелдім-ау.Қазіргі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Енді бұл туралы достарыма шаттана да,мақтана да айтамын. Көп созбай өзімді танытырайын.

   Есімім-Айсана. Жасым 14-те,қазір 8 сынып оқушысымын. Өзім Атырау жақтанмын.Туған күнім негізінде 13 ақпан,бірақ ата-анам туу туралы куәлігіме 14 ақпан қылып жазған.Мұның себебін ата-анамнан ешқашан сұрамаппын...

  Сыныпта жас жағынан бәрінен үлкенмін. Ал бой жағынан ең кішкентайы мен. Smile  Мінезім ұяң,ешкіммен ашылып сөйлеспеймін.Ендігі сырласым массагет болмақ. Дос таңдай алмаймын,әр адамның қандай екенін білмей жатып,бірден сеніп қаламын.Бірақ осы жолы қателеспеген сияқтымын. Wink

  Оқуда үздікпін.Сүйікті пәндерім-қазақ тілі мен қазақ әдебиеті.

Бос уақытымды кітап оқып,массагет сайтындағы қызықты жаңалықтарды,блогтарды оқумен өткіземін.Массагет ұсынған түрлі жеңіл тағамдарды шамам жеткенше дайындап жүрмін.Енді технология пәнінен «Достық» салатын жасаймыз. Smile

  Мен де қазіргі  жастар секілді к-поп жанкүйерімін.

 

 Қателерім болса  кешіріңіздер!!! Себебі,қатты қобалжып  тұрмын.