Өзім жайлы...

Сәлем достар!!! Түске дейін әңгіме айтып, сосын амандасқандай болмайын.)) Өзімді таныстыра кетейін...

1. Аты-жөнім Сағындықова Меруерт.

2.1992 жылы, 21 тамызда дүниеге келіппін.

3. Ақтауда, әрине. Айтпақшы, Сұлтанның қызымын.

4. Руым - Кіші жүз. Адай.

5. Жұлдызым - Арыстан. Астрологияға қатты емес, бірақ сенемін.

6. Мектепті үздік бітірдім. Универді де солай бітірсем деген жоспар бар.

7. Студентпін. 2-курс. ҚазҰУ-да филология факультетінде.

8. Мамандығым Екі шет тілі: ағылшын тілі мен француз тілін қатар меңгеріп жүрмін. Соған қарамастан әдебиетке жақындығым бар сияқты.

9. Жатақхананың тұрғынымын. 

10. Хронический маубастығым жоқ. Тек демалыс күндері болмаса.

11. Ұйқыдан тұрғанда минимум 5 минут сөйлемей жүремін.

12. Көк түсті ұнатамын.

13. 4-күнді жақсы көремін. Себебі, бізге сол күні сабақ жоқ. 

14. Теңізден 2 аттам жерде тұрсам да, әлі күнге дейін жүзе алмаймын.

15. Үйден шығуымның өзі бір проблема. Әбден тергеліп, бір-ақ шығамын.

16. Ғашық болып көрген жоқпын... деп өтірік айтпай-ақ қояйын.(Аузым қисайып кетер) 

17. Менің ғашық болғанымның өзі бір қызық..Айқай-шу, төбелес.. десең ә)

18. Ойнап айтам.)) Менің ғашықтарымның тізімін айтсам әлі біраз жазуға тура келеді.

19.Қысқаша айтқанда, журналдардағы әнші "Жігіттерден" бастап,  "мен көрген" кейбір кинолардың  басты кейіпкерлеріне дейін.

 20. Серьезно ғашық болып көрмегенмін-ау. Әзірше крышам түзу.  

 21. Мінезім қызық. Тұйықтаумын. Бірақ, кейде аузым жабылмай қалады.Шамасы,бәрі көңіл-күйіме байланысты.

 22. 5-сыныпта қасымда отыратын парталасыма жыным келетін еді. Маған тыныштық бермейтін.

 23. Сол қолмен ештеңе істей алмаймын. Оңақаймын.

 24. "Сен" дей бергенді ұнатамын. (Әрине, 20-30 жас үлкен болсаңыз, сіз деймін ғой). Маған да "сен" дей беріңізші...(бұл менің сыйламағаным емес, жаман ойлап қалмаңыз)

 25. Ақтауымның теңізін жақсы көрем. Жағасында ұзааақ қарап отыра бере алам. Қиялшылмын.

 26.Таракан секілді жыбырлап жүретін нәрсенің барлығынан қорқамын.

 27. Мысықтың мұрнынан кері қарай сипағанды ұнатамын.(Білмейм бірақ ол оған ұнай мекен) 

 28. Менімен танысқыңыз келсе..., білмейм не істеуге болатынын.))

 29. Тамақ пісіргенді ұнатамын.

 30. Мектепте оқып жүргенде 5 жыл домбыраға, 2 күн сурет салуға қатыстым.

 31. Әрдайым жаңа таныстықтардан, жаңа кездесулерден, жаңа нәрселерді білуден тартынбаймын.

 32. Мектеп кезінде көөөөп сурет салатынмын.

 33. Фортепианода ойнай алатындарға қызығамын.(өзім тек тың-тың етіп, "Қамажайды" ғана орндай алам)

 34. Мында ваще туысқаным жоқ. Тек 1 штук ағам бар. Ол да бітіреді уже осы жылы. 

 35. За то достарым, кластастарымның көбі осында.

 36. Өлең шығаратын өнерім жоқ.

 37. Алдыма қойған мақсаттарым көп.

 38. Компьютерлік ойындарға, соткадағы ойындарға мүлдем қызықпаймын.

 39. Алыста жүрсем де өзіме жақын адамдарға жиі хабарласып тұруға тырысамын.

 40. Сөзден көрі сандарды тез жаттаймын. Біраз адамның туған күндерін жатқа білемін және құттықтауды ұмытпаймын.

 41. Үйде жүргенде мені "справочник" деп атайтын кішкентай кезімде. 

 42. Поезды жақсы көрем. Алматы да ұнап бара жатыр.

 43. Жатақханада көршілерімді ғана танимын.

 44. Мына сайт маған ұнап жүр. Қызықты әңгімелері көп.

 45. Тек мен жазбаларды жұрттың ең соңынан көретін сияқтымын.

 46. Ұзақ уақыт бойы отыра алмайм комптың алдында.

 47. Ұйықтап жатсам, тысыр еткен дыбысқа да оянам. Жұрттар бомба жарылса да оянбайды. Сондай болғым келеді.

 48. Көзілдірік киемін.

 49. Мен мыналарды бағып көрдім: балық, қоян, тотықұс. Бірақ қазір үйімде олардың бірде біреуі жоқ.

 50. Мектепте бұрышқа тұрып көрмедім.

 51. Ерке емеспін...

 52. Фотоға деген қатты қызығушылығым оянып жүр. Фотоға түскенді, түсіргенді, жинағанды ұнатамын.

 53. Достарыммен серуендегенді ұнатамын.

 54. Қар жей алмаймын, қар жейтіндерге таңғалам.

 55. Мен жайында білгіңіз келсе, достарымнан сұрасаңыз да болады...

   Қысқаша осы... )))

 

Пы сы: Осы жазбаны бітіргенше арасынша екі-үш рет шай ішіп келдім...)))



Бөлісу: