Өзім жайлы 30 дерек

Өзім жайлы 30 дерек
жеке
блог

1. Қалаға, ауылға, елге, руға бөлінгенді ұнатпайм. "О жерлес екенбіз" , "Біз Алматылықтар" -деген сөз тіркестері де ұнамайт. "Бауырым, қайақтансың?"-деген мүлдем ұнамайды. Сол себепті, қазақпын. "КАЗАХСТАН" деген елде тұрам.  

  2. Ақыл-есім дұрыс, психиаторда тіркеуде жоқпын. Темекі шегем, сол себепті өкпемді тексертіп тұрамын.

3. Толық отбасында тәрбие алдым. Әкем өте қатал. Анам ол анам. Үйде ортаншымын.

4. Балалық шақта, тәртіпті болдым. Қазір өкінемін, сол кездегі жасамай кеткен бір-екі бұзақылыққа.

5. Мұғалім апайдың айтқаны заң болып келді. Мектеп қабырғасында, колледжде де, универде де. Жұмыста да, жетекшімнің айтқанын екі етпейм.

6. Бәленің бәрі енді шығып жатыр. Соңғы күндері тәртіпке бағынбай жүрмін. Мінезім тік, жуас, момын, ашық, қатал. Санасатын адамдар қатарына жатқызып жүр, мені, жұмыстағылар. Әділетсіздікті көрсем, шыдап тұра алмайм. Содан болар, санасу деген.

7. Өзім өмір бағытын тaңдадым. Қызметім ІІМ.

8. Мемлекеттік мадақтау қағаздарым бар. Мектептегі пәндік олимпиадалардан алған алғыс хаттарым да көп. Мұғалім апайлар, мен үшін, маған таласып, ренжісіп қалатын. Физикадан да, алгебрадан да, биологиядан да, қазақ тілінен де мен баратынмын. Өзіме қатты ұнайтыны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті еді. Көркем сөзге қызығам. Бірақ менің ойым, көркемделдіп жетпей қалады.

9.  Сұлулық , самбыттылық қа қатты қызығам. Өздерін күтіп жүретін адамдар ұнайды. Мен де қолымнан келгенше күтемін өзімді. Артық салмақпен әлі күресіп жүрмін.

10. Қаржылық жағдайым орташа. Лотереядан (соған ұқсас бірдемелерден) қомақты қаржы ұтып, жағдайымды түзеп аламын деп сенем. Тек жалақымен пәтер, көлік аламын дегенге сенбейм.

11. Алғаш оқыған кітабым Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа"сы. Еркін Ракышевтің "Менің де атым Қожасы" бір түрлі.

12.  Қыз бен ұлдың сүйісуін, жаласуын , алғаш рет теледидардан көрдім. Сол кезде мексиканың сериалдарын қазақстан арналарынан көрсетпеген болса, осы күнге дейін,  сүйісу жаласу дегенді білмес пе едім.

13.  Көңілшекпін. Біреумен сөзге келіп қалсам, сол көріністі көп сақтаймын жадымда. "Жоқ" деп айта алмайм. Кейінгі күндері үйреніп жүрмін. Пайдасыз істермен көп айналысыппын. Қазір өзіме пайдасы болмаса "жоқ" деймін. Артынан, жоқ дегенім үшін ренжітіп алдым-ау деп, ойға кетем.

14. Басқалардан, өз қатарластарымнан бір саты жоғары шығармын. Кейде бір емес бірнеше саты төмен екенмін-ау деп қалам. Менің де солар сияқты, анда-мында жүріп тұрғым келіп кетеді. Болады негізі олай етуге. Өзім, ғой, өзіме ереже жасап алған.

15. Әлі қоғамдық көлікпен жүремін. Көлік алғым келеді. Ерте тұрам, сол қоғамдық көлікпен жүретіндіктен, кеш жатам.

16. Ұлтшылмын. Басқа ұлт өкілдерінің бірлігіне, қайырымдылығына қызығам. Қазақ десем, өзіме тиеді. Бізде, қазақтарда, көреалмаушылық деген бар ғой. Орыс халқы ұлы халық қой.

17. Жасым осы жақында 23ке толады. Туған күн. Анам есіме түседі. Сеніміне сызық түсіруден қорқам.Ал әкем, маған көп сенбейтін сияқты. Көңілі суық.

18. Ауылды сағындым. Тауларға, аспанға, жұлдызға қарап шабыт алмаймын. Ауыл деген,  еркіндік қой. Қаладағы сияқты, өлшем, шектеу жоқ. Ауылға, үйге жылына екі рет барам.

19. Мен де көзілдірік киімін. -3. Таңертең үйден шығарда, әдейі кійгім келмей тастап кетем. Сосын, ала салу керек еді, деймін.

20. Аптаның дүйсенбі күні ұнайды. Дүйсенбіге дейін, бір жыл өткендей болады, сосын  дүйсенбі жылдың бірінші күні сияқты.

21.  Махаббат деген бір төбе. Сезімге тез берілем.

22. Бір адамды әлі жақсы көрем. Жүрегім мұздап қалды. Жыл сайын күзді қарсы алған сайын, келесі жылғы күзде жалғыз болмаймын, жабырқау болмаймын деп сендіремін өзімді.

23. Жыл мезгілдерінен күз ұнайды. Депрессияға жиі түсем. Дәл осы күзде. Күз сонысымен ұнайды. Депрессияны қалыпты күй деп ойлайм.  

24. Еркектерді сынауға, талқылауға болады, ал қыздарды тек қана мәпелеп құрметтеу керек. Қыздар кенеттен жеңілу арқылы жеңеді. 

25. Біздің елде тамыр-таныс болмаса жол ашылмайтынын мен де мойындайм.

26. Уәде берем. Быйылғы күзбен ол да кетеді. Ұмытам. Жіберемін. Күзді емес, көктемді жақсы көретін болам. Уәде берем. . . . "Ал ол қайтып келсе ше?" . . . .  

27.  Путинге қарасам, бізге мысқылдап қарап тұрған сияқты. 

28.  Қарақұмықтан жасалған тағамға жамандай аллергиям бар. 

29. Бір жанды емес көп жанды бақытты еткім келеді. 

 30. Еркін тақырып болды. Мылжың болып кетті.  Есімім Ануар. Осы жерде бір-екі жазбам бар. Сурет сосын, міндетті түрде болады. Қателік кетіп жатса, кешірім өтінемін.