Озім жайлы...

Армысыздар, құрметті қазақ блогерлері мен оқырмандары! 

 

 1991 жылдың 12-ші маусымы. Таң рауандап атып келе жатқанда ұлы қазақ жеріне бір пенденің кіндік қаны төгілді... Бәз біреулер үшін қуаныш, ал біреулерге өмірлік рух сыйлайтын сәт. Олар менің әкем мен анам. Рауандап атқан таңға балап есімімді Рауан атапты. Міне, пенде санатында 20 жыл саналып келем Аллама шүкір. 

 

Мен әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студентімін. Бүгінгі күні Түркия мемлекетінде Анкара қаласында білім алудамын. Журналист деген қандай жан?? Жауап беруге тырысайын. Журналист деген жанашыр халық, өзіне сенімді халық... 

 

Мен блогыма оқырман қажеттілігін жазуға талпынамын. Жастарды демеу қажет. Өзіне сенімді әр тұлға қазаққа адал еңбек етер деген үміттемін.. "Маған тіреу нүктесін көрсетіңіз, мен жерді де көтеремін"- деген И.Ньютон,. Ондай болса бір бірімізді демейік болашақ қазақ елінің қайраткерлері!!!



Бөлісу: