Өзім айтам өз жайымды
блог
Тамылжыған жаздың 23-інші тамызында дүние есігін ашыппын. Туған жерім -Алматы облысы, қазіргі Кеген ауданы.
1 жасқа тола сала ата-анам екі жамбасымның туған кезде орнынан тайып шығып кеткенін біледі. 1 жыл ішінде орнынан ауытқып кеткен аяқ солай қалыптасып қалған екен. Ата-анамның апармаған емханасы жоқ. Түрлі дәрігерлерге де көрсеткен. 3 жыл ішінде 3 бірдей операцияны қабылдап ақыры 4 жасымнан асқан уақытта аяғымнан тік тұрдым.
Анам: "Ең алғаш сенің жүргеніңді көргенде еріксіз көзіме жас алдым" - деп үнемі айтып отырады. Иә, осы күнге аман-есен жеткізген әуелі Аллаға, онан кейін ата-анама мың алғыс! Артымда өзімнен кейін ерген жалғыз қарындасым бар. Аяғым жазылған соң әке-шешем қарындасым екеумізді ауылға атам мен апамның қолына тастап, өздері күйбең тіршіліктің қамымен Алматыға көшкен. Алғаш мектеп табалдырыған ауылдағы Ақай Нүсіпбеков атындаға орта мектепте аттадым. Бұл жерде 3 жыл білім алған соң, ата-анам қалаға өздерінің қолына көшіріп алды. Ендігі мектебім Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылына қарасты №9 орта мектеп болды. Мұнда 11 сыныпты бітіргенше білім алдым. Жаңа достарды да осы жерден таптым.
Мектеп бітірген соң Тұран университетінің журналистика мамандығана оқуға түстім. Алғашқы жылы ректор гранты бойынша бір жыл тегін білім алдым. Қазір 3 курс студентімін.