Бұлар менің 11 жыл бір ауылда бір мектепте оқыған"тарыдай боп кіріп,таудай боп шыққан менің сыныптастарым...
...мүмкін кейбір адамдар түсінбес алайда ең керемет,жарқын балалық шақ мектепте өтеді. Ешқандай артық ойларың жоқ ,ең жақын достарың күнделікті жаныңда. Мұғалімдерге еркелеп,сыныптастарыңмен бір жанұя сияқты болу ұмытылмас сəттер ғой... Алғашқы жəне соңғы қоңырауға ерекше дайындалып баратынбыз. Екеуі де маңызды. Бəрімізді өз баласындай көретін жетекшіме шын жүректен ризамын. 11 жыл бойы жаныңда жүрген адамдарды қалай ғана ұмытасын. Сынып сағаты,мерекелерді тойлауға байланысты туатын кикілжіңдер сынып жетекшіңе таңдап жүріп сыйлайтын сыйлық ,тіпті кигің келмеген форманың өзін қатты сағынасын... Əр сыныптастың орны ерекше. Қазіргі таңда түрлі кездесулер ұйымдастырамыз. Алайда оған барлық сыныптастардың келуі мүмкін емес болып жүр...