Бала кезім еске түсіп отыр...) Бала кезімде үйде магнитафон болатын, қазіргідей компьютер, DVD дегендер жоқ. Тек магнитафонмен ән тыңдаушы едім. Бар ермегім сол болатын...))) Бір күні ағам Тоқтар Серіковтың 2 кассетасың алып келді, ол кезде мен 2 сынып немесе 3 сынып оқып жүр едім. Содан күндіз - түні Тоқтар ағаның әнін тыңдайтын болдым! Смайлик «smile» 2 кассетаның бірі толғаулар болса, екіншісі эстрадалық әндер болатын Смайлик «smile» Мен екі кассетаны да күнде тыңдап өсім. Тіпті, әнің сөздерін жаттап алып, күнде айтып жүретінмін. Мен негізі егіздің сыңарымын. Сыңарым - Фарида Смайлик «smile» Әрине, ол да Тоқтар ағаның әндерін тыңдап өсті. Нағашыларымыздың үйіне барғанда, Фарида екеуміз Тоқтар ағаның әнін далаға шығып, ойнап жүріп айтатынбыз... Немесе әткеншекте отырып алып айтатынбыз) Нағашыларымыз кішкене ауылда тұратын) Ауыл болған соң, бәрі бір - бірін таниды. Біздің дауысымыз бүкіл ауылға естілсе керек, біз нағашыларымыздың үйне келгенде айтатын көршілері: "Тоқтар Серіктің әндерін айтатын қыздар келіпті ғой" - деп Смайлик «smile» Тағы "Кімді жақсы көресіңдер?" - деп сұраса, ойланбастан: - "Тоқтар Серіков" деп жауап беретінбіз. Эх, сол кездерді қатты - қатты сағындым!!!
Тоқтар ағаның толғау, термелерін тыңдап өскен жас буын жаман болмас. Бұл жазба осыдан 2 жыл бұрын жазылған. Бүгінгі таңда Массагеттің оқырмандарымен бөліскенді жөн көрдім.