Танысу. Томирис Есқали ізімен

Танысу. Томирис Есқали ізімен
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме? Ммм...Массагет блогшылары. Осы кезге дейін біраз шимай жазбаларым шықты. Құрғыр, бірақ, жұрт сияқты танысуды ұмытып кетіппін. Міне, осы сəт туған секілді.

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет?
Менің аты жөнім Думан Кеңшілік. Қызылорда қаласы, Байқоңыр қаласының тумасымын. Бірақ қарапайым ауыл баласымын. Қазіргі таңда Талдықорған қаласында оқимын. Болашақ мамандығым журналист(ҚҰДАЙ ҚАЛАСА).


2. Хобби?
Белгілі дəрежеде гитара тартамын. Достарым "о.о.о гитарист келе жатыр" деп қарсы алады,əйтеуір. Кубик рубик құрастырғанды ұнатамын(рекорд 1:00 мин). 


3. Қай елгерге саяхат жасағың келеді?
Бала кезімде Тайландтың киноларын көп көретінмін. Осы ел ерекше ұнайды.


4. Сүйікті жазушың?
Асқар Сүлейменов


5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?
Бақытты болғың келсе, тəуекел етіп үйрен.


6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме? 
Есімде)))))


7. кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?
...........


8. Сүйікті кино? неге дәл осы кино? 
"Хатико". Себебі осы кинода еркек болсам да көз жасыма ерік бергем.


9. Бала кезде қандай болдың?
Əділдікті жақсы көретінмін. Басқа бала сияқты топ болып жиналып төбелестерге араласпадым. Соңғы рет қашан жаға ұстасқаным есімде жоқ.)))


10. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз? 
Адамзатқа жақсылық жасаумен, кейінгі ұрпаққа із қалдырумен мәнге жетеді.