Таң атып келеді

Таң атып келеді
жеке
блог

Бітпейтін шексіз ойларға беріліп, отырғанда уақыт шіркін білінбей өттіп,аспан әлеміне қызылда – сары түс беріп, таңда атып қалыпты.Түні бойы ұйқы бермей миыма маза бермеген ойлар мыналар: «арман - мақсатқа жету үшін - не жасауым керек», «неге мен үнемі ерте берілемін», «қиындық атауына қарсы келуге қауқарсызбын ба?», «өмірде қай жолды таңдағаным дұрыс».Ең көп мазалайтын ой « мына ісім дұрыс па әлде қатеме» - деп үнемі екі ойда жүретінім бар.Мүмкін сізде де бар шығар бұл бітпейтін мазасыз ойлар...

Жалпы өмір бізге бірақ рет беріледі.Өттіп жатқан күндерде солай бізге бірақ рет беріледі.Иә алда күндер болады. Бірақ ол - басқа күндер мүлде басқа уақыт... Ал, кешегі өткен күніміз ешқашан қайта келмейді.

Бұл өмірде ұққаным уақыт пен бақыт егіз ұғым екен.Егер уақытты босқа өткізіп алсаң, бақыт жайлы ұмытуға тура келеді.

Біз, үнемі «бес күндік жалған өмір ғой» - деп баға беретін мына әлем,тек қана өзімізге байланысты екен.Өзің қалай ойлап,өзің қалай ұмтылыс жасайтын болсаң өмірің сондай болмақ.Болмайды бәрібір оны жасай алмаймын,қолымнан келер емес,ол маған арналмаған,бәлкім  мен өзім сондай адам шығрмын деген сөздің бәріде бос сөздер.Ең бастысы адамға алға қарай ұмтылыс жасауға  сенім ауадай қажетті болып табылады.Өмірде ең бастысы сенім.Өзіңе сену,арман - мақсатыңа сену,болашаққа сену және шындап ұмтылсаң қолыңнан бәрі келетініне сену.

Сенімнің адам өмірінде маңызы өте зор және оның адам тағдырына тигізер ықпалыда мол.Мысалы: сіз дәрігер болсаңыз, науқас адамды емдеп жазу үшін, ең алдымен сіз оны бәрі жақсы болатынына және аурудан сауығып, кете алатынына сендіре алуыңыз қажет.Сенім жоқ жереде махаббатта, достықта тұрақтамайды және ешқашан бұл сезімдер сенімсіз баянды да мәнді бола алмайды.

Күндер көзді ашып жұмғанша лезде өттіп бара жатқан сияқты.Өз басым кеше ғана 11- жылдық мектепті тәмәмдаған сияқты едім.Ал, бүгін сол мектептің сыңғырлаған соңғы қоңырау үнін естігеніме 4 –жыл уақыт өттіп үлгеріпті.Біреу маған келіп,өткен уақытты қалай пайдаландың десе : шындығында ол - сұраққа жауап беруге мен мүлде дайын емеспін.Тіпті,уақыт жайлы босқа өттіп жатқан күндерім жайлы, ойлансам жүрегім қатты ауырады, жан дүниеммен қоса сыздап...

Шіркін адам баласы өзі өте қызық жаратылыс қой.Бала күнде ертерек ер жетуді армандайды, ал ер жеткен шағында,қайтадан сонау көңілі кең дархан, достарымен ойын қуып, өскен тәтті балалық шағын сағынады.Өмір ештеңеніде түсіндіріп, бізге үйретіп жатпайды.Тек біздің көз алдымызға әкеліп, көрсетеді екен.Мына бір сөз бар  «Басқа түскенді көз көреді» - деп айтылған.Сол секілді әрбіріміз, өмір бізге тосыннан жіберген, сынағына ең бірінші үрейлене қарап,сондан соң уақыт өте оғанда үйреніп кетеді екенбіз.Тағдырдың берген әр сынағына сынбай, тиісінше оны бір өмірдің бізге берген сыйындай күлімсіреп қабылдап, оны жеңіп шығуға тиіспіз.Әр істі қиын көріп,оны ауыр іске балап,шешімін табуды қиындатар болсақ, ол- іс  расыменде күрделене береді.

Өмірді тамаша еткің келсе өзіңді өзгертіп, өмірден ләззат ала біл.

Өзің қандай деп ойласаң өмірде сондай болып жалғаса береді. Өмірде әркім, өз жолын өзі салады.Табиғатпен үйлесе біл, табиғатты тыңдай біл, жүрегіңді өкпен - реніштен босат та.Миыңмен ақыл-ойыңа жаңару бағдарламасын енгіз.Ұмытпа сен өз өміріңді өзгерте аласың...Өз ойыңыды өзің басқара біл.Ойыңды басқаларға және сенің болашағыңа зиянын тигізер кезгелген ойларға ешқашан беріп қойма.Бастысы уақытты өз пайдаңа жарата білу, және өз қабілетіңді үнемі жетілдіріп отыру.Әр таң саған баға жетпес сый және қайта берілмес мүмкіндік.Қазір әлем даму мен жақандану дәуірінде.Ал ,сенше сен нестемексің «болмайды» - деген ескі оймен өмір сүрмекшісің бе?

Ең алдымен миыңды тынышталдыр, оны бос ойлардан босатуға тырыс.Табиғатқа шық терең тыныс  ал, көзіңді жұмып болашақты ойла, бір сәт өзің жайлы ойла.Өмірді тыңдай біл, оны бағалай біл, және өз дәрежесінде өмірге сый құрмет көрсете біл.Сонда өмір сеніде өз дәрежеңде құрметейді.Әр оймен атқан менің мына таңдарымда бір жетістікке бағыталған.Бұл, ұйқысыз атқан таңдар, мені армандарыма  жақындатып жатыр.Ойланшы. мен қазір тәтті ұйқыда жатсам, бұл кереметтей сенімен сырласу түнін өткізіп алар едім.Ұйқы көрмей ояу таң атырып, жүрсемде арманыма ұмытылып, жатқан әр сәтімнен өмірдің бақытын сезінем.Мен әр шығарма жазған сайын шексіз бақытқа бөленем. Себебі бұл менің өзім сүйетін ісім, және өзім күні-түні ұмтылатын арманым.Иә сізбен сырласқан сайын, айта бергім келетін іштегі сөздерім өте көп, алайда бүгінше осыда жететін сияқыты.Мінекей өмір жайлы, өзіміз жайлы айтып отырғанда сағат тілі білінбей сырғып, 6 - ға таяп қалыпты.

Уақыт неткен жүйрік десеңші ол – тағыда өз айласын асырды біз өз ойлармызбен бөлісіп отырғанда.Дегенімен мен еш өкінбеймін. Уақыт тамаша өтті, тап осы жерде осы сәтте!..

Оқығандарыңызға үлкен рахмет Алла разы болсын.