Сәлем, әлем!)

Сәлем, әлем!)
жеке
блог

Армысыздар,құрметтілерім!Бүгін мен үшін бақытты күн.Massaget.kz сайтындағы түрліше айдарларды 9-сыныптан бері оқитынмын,ал оған тіркелудің сәті бүгін түскендей)

Менің есімім-Алтынгүл.Өзім еліміздің батыс өңірі,әсем қала,арайлы Ақтөбе өңірінің туысымын.

9-сыныпта еліміздің тарихи қаласы Орал қаласына түсуді армандайтынмын,кейінірек өсе келе арман-мақсаттар да өзгерді.11-сыныпта қатарластарыма еріп Алатау баурайындағы ару қала Алматыдағы аты әлемге әйгілі Әл-Фараби университетіне түсуді мақсат тұттым.Алайда,бірінші тілегім орындалса керек,қазіргі таңда ер Махамбет есімін иеленген,Иманғали Тасмағамбетов секілді тау тұлғаны білім нәрімен сусындатқан қара шаңырақ Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенті атандым.Және де бір арманым-қазақ филологиясына түсу болатын,бірақ тағдырдың қалауымен "филология:орыс тілі" мамандығында оқып жатырмын.

Өзіме келетін болсақ,бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын.Әдебиетке мені жетелеген,әдебиетті жаңа қырынан тануға көмек қолын созған 9-сыныптағы Марал есімді апайыма алғысым шексіз.Сол кезден бастап әдеби әлемге құмарттым,ҒАШЫҚ болдым.Сол себептен болар 9-шы сыныптан бастап таңдау пәні ретінде қазақ әдебиетін таңдап,11-сыныпта ойдағыдай 22 ұпай алып шықтым.Әдеби әлемдегі сүйікті жазушыларым-Әзілхан Нұршайықов және қазіргі заманғы әдебиеттен Ақжайық өңірінің жазушысы Мира Шүйіншәлиеваның қаламынан шыққан туындыларды ерекше ұнатамын("Махаббат,қызық мол жылдар" және "Жүректегі өкініш" шығармалары) Өзімнің де аз-мәз өлең шығаратыным бар,оқып бағасын берерсіздер деген үміттемін!

Туған жерiм,Ақтөбем,менiң мекенiм,
Бауырыңда ойнап-күлiп,есейдiм,
Алыс кетсем,жырақтасам өзiңнен
Бұл ғаламнан сенi ғана iздедiм.
Ақтөбем-арайлы,нұрлы армансың,
өркендеген,көркем менiң қаламсың,
Алыстасам,шалғай кетсем өзiңнен
Мәңгiлiкке жүрегiмде қаларсың.
Таның әсем,түнiң көркем,ғажап қандай,
Сұлулыққа күллi әлем тамсанғандай,
Бұл ғажапты көре қалсаң қызығарсың
Сүйгенiне сүйсiнген ғашық жандай.
Жерiң байтақ,аумағың кең,шежiрелi,
қол бұлғап шақырғайсың елге менi,
Халқым менiң қонақжай,жайдары жүз,
Елге кеп,көрiп кетiң Ақтөбенi.
Шежiрелi әйтеке би даласы орманды,
Ақтөбенi Мәртөгiм Ресеймен жалғады,
қобда жерi-батыр әлияның мекенi,
Келе қалсаң елiме,ұмытпашы Алғаны.
Жерi бай,халқы дана Мұғалжарым,
Айдын көлдi,көркем менiң Шалқарым,
Алыс кетсем,жырақтасам өзiңнен
Ақтөбемнен артық жердi таппадым.
Бабалы Байғанин Сағызыммен жалғасқан,
Темiр ауданы халқының ынтымағы жарасқан,
Ақтөбем менiң осындай,мақтанамын баршаға,
Астымызда киелi жер,төбемiзде көк аспан!!!

 

Студенттiк шақ-жазылмаған жыр әлi,
Студенттiк шақ-гүл жайқалған жолдарым.
Қимайтыным-жатақхана өмiрi,
Қимайтыным-жасыл қала Оралым.
Талай қызық күндердi де өткерiп,
Көршiлердi дастарханға шақырдық.
Сенбi күнi бәрi холлда жиналып,
Демалыста айдан,күннен жаңылдық.
Фонарикпен сабақ та жазатынбыз,
Семинарға ұйықтап та қалатынбыз,
"Табақ қайда?" деп 45-ке айқайлап,
47-ден сол табақты табатынбыз.
32-ден май,38-ден тұз сұрап та,
"Ас сұлтаны" макаронды пiсiрдiк.
Түнгi 3-те кроватьқа құлап та,
Таңғы 7-де қапылып та жүгiрдiк.
Бiр нандай бiр кесектi бөлiп жеп,
Ас басында бесеумiз де отырдық.
Неше түрлi әңгiме айтып та,
Түнгi 1-де пол жуып та құтырдық.
Дарияға тефальмен ұсталып та,
Түнгi 1-де қара шайды сiмiрдiк.
"Коммендант жүр" дегендi естiп та,
5 минутта бөлме жинап үлгердiк.
"Сағынса жүрек" деп гитармен ән шырқап,
Холда талай өлеңдер де оқылды.
Студенттердiң жүздерi де жадырап,
Ғашықтық жырлары да жазылды.
Дүрсiлдейдi,соғады кеп жүректер,
Қимастыққа толы студент жанарлары.
Қош,ендi қош,оралмайтын бұл күндер,
Бұл өлең-"ПЕРВАШТЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ"
27.02.2016 13:30
Орал-2016
#БҚМУ_жатақхана_филфак



Кейде ойлаймын,мен-бақыттымын!Неге дейсіздер ғой?!Шығыстың қос шынары атанған батыр Әлияның жерінде дүниеге келсем,білім алып жатқан жерім-Мәншүктің туған өңірі.Бұл кез келген жанға бұйыра бермейді!

Әр адамның бойында АДАЛДЫҚ және СЫЙЛАСТЫҚ қасиетін өте жоғары бағалаймын!

Әлемдегі бар жақсы атаулысын тілей отыра,Алланың нұры жаусын дегім келеді баршаңызға!

P.S:"Блог жаза алмайды екен" деп сөге көрмеңіздер,өйткені бұл менің алғашқы жазбам)Алда әлі талай жазамын деген ойдамын!)