Принтер көтерсең, 5 аласың!

Принтер көтерсең, 5 аласың!
жеке
блог

2013 жыл, 16 мамыр. 1 курс. Көктемгі семестр аяқталып қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан тапсырған күн, қызыыық күн) Есіме түссе күлкім келеді.

Әңгіме былай болған еді: мұғалімдердің "Бұл мемлекеттік емтиханға жақсылап киініп келіңдер, әдемі болып, ол - мейрам" дегенін естіп алғам ғой, сосын арнайы көйлек сатып алдым. Емтихан күні сол көйлекті киіп алып барсааам, бәрі ақ кофта, қара юбкамен жүр. Мен деген елден ерекше, өзім көйлек кие бермейтін қарағым) Өзімді "гадкий утенок" сезініп қалдым әлгі жерде)) Ол ол ма? Қызықтың көкесі емтиханға кіргенде болды. Алғашқы 7лікпен кірдім, оңай сұрақтар келді, өзімше жазып отырсам емтихан қабылдып жатқан мұғалімдердің бірі маған: "Сен орныңнан тұршы" дейді, мен де қатырам "Мен ба?" деймін) "Иә, сен, ана партада тұрған принтерды ал да, терезенің алдына қой" дейді. "Бә жай ма мына кісінікі, қаншама адам отыр неге маған айтты" деп қоямын ішімнен. Емтихан алып жатқан мұғалім, тағы бәле қылып жүрмесін деп үндемей айтқанын істедім. Көйлек киген түріммен принтерды көтердім де, терезенің алдына қойдым. Кейін түсіндім, ол кісі мен алдыма шпор қойып көшіріп отыр деп ойлап, әдейі тұрғызғанын. Бірақ олай емес еді. Сол күні емтиханнан 100 балл алдым, әрине оның принтерге еш қатысы жоқ, әйтсе де әлі күнге соны әзіл қылып айтамыз қыздармен)) Бұл жолғы мемлекеттік емтиханда Құдайға шүкір ондай тосын оқиғалар орын алмады)))

Талай қызыққа толы студенттік кезім соңына таяды. Алда диплом, содан соң #қошболунивер