Ассалаумағалейкум, Жақсылармен Жайсаңдар!!!
Мен - Алматылық Суаннан тараған Әпсүгір руының Ханшайымы Құралай Айтқазықызы, араларыңызға 3 жыл салып келіп қалдым!!!
Жазарым жиналып, қаламын ұшталып қалған екен, Аллаға шүкір!
Қазіргі күнде тоқымамды тоқып, белсенді түрде қолөнер саласында, сырға, моншақ, браслеттердің түр - түрін жасап, Инстаграммен жұмыс жасауды Қыз - Келіншектерге үйретіп, құрағымды құрап, банкаларымды, қияр, помидормен қатар түрлі компоттарымды жауып, Қазақ тілімізде таза, сауатты сөйлеуге және осы дүниені өзгелерге мақсатты түрде үйретіп, Орифлейм, Таппер компанияларда жұмыс жасап, қайтсем ӨМІРДЕН ӨЗ ОРНЫМДЫ ОЙЫП АЛАМЫН деп шапқылап жүрген жайым бар :)).
"АЯУЛЫ АЛАҚАН-2018" - деген жобаның авторымын ;), Аллаға шүкір.
Бұлармен қатар Ханшайым қызымның тәрбиесін жоғарғы деңгейде беріп, қазақилықты толықтай қанына сіңіріп, әрбір жасушасымен ӨЗІНІҢ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ЕКЕНІН ЕШ ЕСІНЕН ШЫҒАРМАЙ, ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ БОЛУЫНА АТ САЛЫСЫП ЖҮРМІН.
Қысқаша айтқанда, бекер жүріп, Абай атамыз айтпақшы, еріншек, бекер мал шашпақ- болмай, қатарымнан қалмаудың амалын, жолын іздеп жүргенім :)).
Сіздерде өз кезектеріңізде, Өздеріңізді таныстыра отырыңыздар!@!